Қонаевта Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл болуына байланысты еске алу шарасы өтті.
Жеңіс саябағындағы белгітасқа гүл шоқтары қойылып, апат құрбандарының рухына тағзым жасалды. Қатысушылар олардың ерлігі мен жанқиярлығын құрметпен еске алды.
Салтанатты жиын «AMANAT» партиясының мәжіліс залында жалғасты. Іс-шара барысында Чернобыль апатының ардагерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Алматы облысы әкімінің, облыстық мәслихат төрағасының, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының және Қонаев қаласы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Чернобыль апаты – адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі. Қайсарлық пен ерлік үлгісін көрсеткен азаматтардың есімі ел жадында мәңгі сақталады.



