☀️
23°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    Дала төсі дүбірлі

    03.04.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Дала төсі дүбірлі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Күн жылынып, жер тоңы жібіген сәттен Балқаш ауданының диқандары жылдағы дәстүрге сай егін егуге қамданып, техникаларын майлап, бар құрал-жабдығын сайлап, көктемгі дала жұмысына кірісіп кетті. Өйткені егін егу науқаны – аграрлы өңір диқандары үшін жауапты кезең.

    Жалпы аудан көлемінде ірілі-ұсақты 34 шаруашылық бар. Олар 28 825 гектар суармалы егіс алқабына егін егуді жоспарлап отыр. Оның 5800 гектарына – күріш, 4412 гектарына – бидай, 1328 гектарына – арпа, 16057 гектарға жоңышқа шөбі егілсе, қалған суармалы жерлерге көкөніс дақылдары себілмек.
    Егін егу науқанына бел шеше кіріскен шаруашы­лықтардың бірі – Ақдала ауылдық округіндегі «Марат» шаруа қожалығы. Диқандардың көктемгі дала жұмысына дайындық барысын бағамдау үшін аталмыш шаруашылыққа Балқаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әлібек Бөпешбаевпен бірге барып қайттық.
    Бізді «Марат» шаруа қожалығының төрағасы Нұркен Пұшанов қарсы алып, егістік жайымен таныстырды. Мұнда шаруашылыққа тиесілі 600 гектар суармалы егіс алқабы бар екен. Биыл аталған егіс алқабының 120 гектарына бидай егу жоспарланған. Ал көктемгі дала жұмысына төрт «МТЗ-80», екі «МТЗ-1221» және «Т-150» тракторы, сонымен қатар екі соқа, екі тұқым сепкіш, екі жер тегістегіш және екі жер тырмалағыш құралдары дайын тұр. Егін егу жұмысына қажетті жанар-жағармай, техникалардың қосалқы бөлшектері, егіс алқабына сіңірілетін дәнді дақыл тұқымы жыл басынан әзірленіп қойылған.
    Шаруашылық жұмысын ойдағыдай атқарып жүр­ген механизаторлар – Бақытжан Төлебаев, Ғалым Қоржынбаев және Нұргелді Сағат сынды азаматтарды да сол жұмыс басынан кездестірдік. Олар өз істеріне білек сыбана кірісіп кеткен.
    Иә, «Көктемнің бір күні жылға азық» деген қанатты сөзді дана халқымыз бекерден-бекер айтпаса керек. Осыны ескеріп, ауа райының қолайлы сәттерін ұтымды пайдаланған шаруалар өзгелерден көшілгері қадам басатыны сөзсіз. Сондықтан жауапты науқан кезінде диқандар ерте тұрып, кеш жатып, көктемгі дала жұмысын өз дәрежесінде атқаруға бар күш-жігерін салуда.

    Бақтығали ДӘУІТБАЙ
    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Дала төсі дүбірлі
    03.04.2026
    Шаһарды аралады
    03.04.2026
    Белсенділер марапатталды
    03.04.2026
    Бір отбасы үйлі болды
    03.04.2026
    Ауыл арасын жалғаған
    03.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>