⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Сәуір 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    “Денсаулық марафоны” Қонаев қаласының белсенді тұрғындарын біріктірді

    08.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    “Денсаулық марафоны” Қонаев қаласының белсенді тұрғындарын біріктірді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Бүгін Қонаев қаласындағы Б. Соқпақбаев атындағы орталық саябақта Дүниежүзілік денсаулық күніне орай “Денсаулық марафоны» өтті”. Іс-шара Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы, спорт басқармасы және қала әкімдігінің бірлесуімен ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – тұрғындардың назарын салауатты өмір салтының маңыздылығына және аурулардың алдын алуға аудару.

    Бірнеше сағатқа созылған марафон барысында әртүрлі жастағы қала тұрғындары денсаулыққа қатысты пайдалы ақпарат алып, бастапқы медициналық тексерулерден өтіп, қалалық көпсалалы аурухананың мамандарынан кеңес алды. Қатысушылар қандағы қант деңгейін анықтап, дене салмағы индексін есептеп, артериялық қысымын өлшеді. Мұндай қарапайым тексерулер денсаулықтағы қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтауға және жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, барлық ниет білдірушілер үшін нұсқаушымен арнайы жаттығулар ұйымдастырылып, негізгі жаттығу түрлері көрсетіліп, дене белсенділігін сақтау мен салауатты өмір салтын ұстану бойынша ұсыныстар берілді.

    Белсенді қатысқан әрбір тұрғынға естелік сыйлықтар табысталып, бұл шараның жағымды әсерін арттыра түсті.

    “Денсаулық марафоны” достық және ашық атмосферада өтіп, қала тұрғындарын біріктіріп, ең басты құндылық – денсаулық екенін тағы бір мәрте еске салды.

    Өзіңе және жақындарыңа қамқорлық жасау – әр азамат үшін маңызды басымдық болып қала береді.

    Соңғы жаңалықтар

    Денсаулыққа құқық – конституциялық құндылық: декларация емес, мемлекеттің міндеті
    08.04.2026
    “Денсаулық марафоны” Қонаев қаласының белсенді тұрғындарын біріктірді
    08.04.2026
    Президент Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату туралы келісімді құптайды
    08.04.2026
    Жаңа тағайындау – жаңа серпін
    08.04.2026
    Қонаевта масаға қарсы дезинсекция басталды
    07.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>