⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Сәуір 10, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Депутаттарға арналған дәріс

    10.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Депутаттарға арналған дәріс
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

       Қонаев қаласындағы «Alatau Hub» инновациялық орталығында облыстық мәслихат депутаттарына арналған ауқымды тәжірибелік тренинг ұйымдастырылды. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен өткен тренингке ҚР ПІБ Парламентаризм институты және Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының сарапшылары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

    Тренингтің ашылуында сөз сөйлеген ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі басшысы Алексей Рогов бүгінде Қазақстанда  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын, соның негізінде мәслихаттардың рөлін арттыруға айрықша көңіл бөлініп отырғанын жеткізді.

    «ЕҚЫҰ Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және жергілікті өкілдікті дамыту жөніндегі күш-жігерін дәйекті түрде қолдайды. Біз мәслихаттарды тұрақты және инклюзивті саяси жүйенің маңызды бөлігі  ретінде қарастырамыз. Бұл тренинг жергілікті мәслихат депутаттарының тәжірибесін арттыруға бағытталған. Бағдарламада нормативтік-құқықтық актілер негіздері, бюджеттік ашықтық, халықпен тиімді қарым-қатынас мәселелері қарастырылған. Сонымен қоса жасанды интеллект және оны қолдану этикасы сияқты тақырыптар да қамтылған», – деді Алексей Рогов.

    Шара барысында сөз алған облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев тренингке қатысушыларға сәттілік тілеп, жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдарының әлеуетін арттырда  мұндай іс-шаралардың маңызы зор екенін тілге тиек етті. Ал Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова тренинг халық қалаулыларының құзыреттерін дамытуға бағытталғанын айтты.

    Екі күнге жоспарланған тренингтің басты ерекшелігі – оның интерактивті форматта өтуі болды. Қатысушыларға алдын ала дайындалған әдістемелік материалдар ұсынылып, негізгі уақыт практикалық тапсырмалар мен топтық жұмыстарға арналды. Алғашқы күні коммуникация, этика және заңнамалық сауаттылық мәселелері қарастырылды. Бұл – депутат қызметінің негізін құрайтын бағыттар. Депутат үшін сайлаушымен дұрыс сөйлесе білу – тек мәдениет емес, кәсіби міндет. Тренинг барысында қатысушылар азаматтарды қабылдау, кері байланыс орнату, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану сияқты дағдыларды меңгерді. Әсіресе, цифрлық құралдарды қолдану, жасанды интелектіні пайдалы көмекші ете білу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

    Бүгінгі таңда қоғам ашықтықты талап етеді. Депутаттың жеке сайты, «Telegram» арнасы немесе әлеуметтік желідегі белсенділігі – оның жұмысының бір бөлігіне айналғаны сөзсіз. Бірақ, әлеуметтік желідегі әрекет – тек коммуникация емес, ол мәдениеттің көрінісі. Осыған байланысты тренингтің маңызды бөлігі этика мәселесіне арналды. Қоғам алдында жүрген адам үшін әр сөз бен әрекеттің салмағы бар. Сондықтан қатысушылар мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, қоғамдық сенімді сақтау сияқты тақырыптарды талқылады. Бұл бағыттағы сабақтар тек теориямен шектелмей, нақты жағдайларды модельдеу арқылы бекітіліп отырды. Мысалы, дағдарыстық жағдайдағы әрекет, БАҚ-пен жұмыс істеу сияқты жағдайлар тәжірибе жүзінде пысықталды.

    Тренингте қаралған екінші маңызды бағыт – нормативтік-құқықтық база. Мәслихат депутаты қабылдайтын әрбір шешім заңға негізделуі тиіс. Осы мақсатта тренингте жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамаға, сондай-ақ өтініштер мен петицияларға қатысты құқықтық нормаларға шолу жасалды. Сонымен қоса қаржылық бақылау мәселелері де жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар бюджет қалыптастыру, оны бекіту және орындалуын бақылау механизмдерімен танысты. Шебірлік сыныбы  барысында депутаттар нақты бюджеттік есептерді талдап, ұсыныстар әзірледі. Тіпті қоғамдық тыңдаулардың үлгісі де жасалды. Бұл депутаттың тек бақылаушы емес, белсенді шешім қабылдаушы ретіндегі рөлін күшейтеді. Тренинг барысында қатысушылар ауызсу тапшылығы, инженерлік желілердің тозуы, жылу мен электр энергиясындағы ақаулар, тұрғын үй мәселелері және оларды басқару, тарифтердің өсуі, экологиялық проблемалар сияқты өзекті тақырыптарды талқылады. Бұл мәселелер жай талқыланып қана қоймай, мәслихат құзыреті шеңберінде шешу жолдары ұсынылды.

    Бір атап айтарлық жайт, тәжірибесі мол, елге танымал сарапшылардың қатысуы тренингтің мазмұнын байыта түсті. Олардың қатарында Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова және ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты директорының орынбасары  Ләззат Сүлеймен сынды білікті мамандар болды. Екі спикер де өз еңбек жолын дәл осы жергілікті деңгейден – аудандық мәслихат депутаттығынан бастаған. Уақыт өте келе олар жоғары саяси деңгейге көтеріліп, Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты ретінде қызмет атқарған тәжірибелі саясаткерлерге айналды.

    ҚР Парламентаризм институты директорының орынбасары Ләззат Сүлейменнің сөзінше жергілікті мәслихат депутаттары үшін бұл тренингтің маңызы зор. «Қазіргі уақытта жергілікті билікті күшейту, халықпен тікелей жұмыс істеу, ашық қоғам құру – Президент саясатының негізгі бағыты. Парламент Сенатының тапсырмасы бойынша екінші жыл қатарынан барлық облыста мәслихат депутаттарымен тренингтер, кездесулер өткізудеміз. Бүгін Алматы облысында  өтіп жатқан тренинг практикалық жұмыстарға бағытталған», –  деді Ләззат Жаңылысқызы.

    Тренинг барысында спикерлер депутаттық қызметтің алғашқы қадамдарынан бастап, жоғары деңгейдегі заң шығару жұмысына дейінгі аралықты қамтыды. Олар депутаттардың қоғамдағы рөлі мен жергілікті мәселелерді шешудегі табандылық пен жауапкершіліктің  маңызын жете сезінді.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Депутаттарға арналған дәріс
    10.04.2026
    Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі»
    10.04.2026
    Солтүстік шақырады: қоныс аударушыларға қолдау көп
    10.04.2026
    Мұнай және жаһандық экономика
    10.04.2026
    Келелі мәселе көтерілді
    10.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>