⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Сәуір 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Іле ауданында тазалық акциясы өтті

    14.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Іле ауданында тазалық акциясы өтті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Іле ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Кезекті ауқымды іс-шара Өтеген батыр ауылында өтті. «Таза өлке – таза жер» акциясына аудан әкімінен бастап, тұрғындар, мекеме қызметкерлері мен еріктілер белсене қатысты.

    Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін нығайту және елдімекендерді абаттандыру жұмысына жұртшылықты кеңінен тарту.

    Аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов:
«Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» – бұл елдің экологиялық мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама әр тұрғынның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Тазалық – жоғары мәдениет пен туған жерге деген жанашырлығының көрінісі. Бірлескен еңбектің арқасында елімізді одан әрі көркейте аламыз», – деді.

    Сенбілікке 300-ден астам адам қатысып, тазалық жұмысы кең көлемде жүргізілді. Атап айтқанда, ағаштар әктеліп, көпқабатты және жеке тұрғын үйлердің аулалары, қоғамдық орындар, жол жиектері тазартылды. Сонымен қатар көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды.

    Мұндай экологиялық акциялар тек тазалық жұмыстарымен шектелмейді. Табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

    Жыл басынан бері Іле ауданында 4 сенбілік өткізілген. Бұл шараларға 10 мыңға жуық адам қатысып, 127 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 642 тонна қоқыс шығарылып, 21 мыңнан астам ағаш отырғызылды, елді мекендер аумағы тазартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жоспарға сәйкес жалғасын таппақ.

     

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында алма бақтар гүлдеді
    14.04.2026
    Іле ауданында тазалық акциясы өтті
    14.04.2026
    Сабақтастық пен тазалық символы: Іле ауданында «Таза өлке – таза жер» акциясы өтті
    14.04.2026
    «Ыстық нүктенің» отына шарпылған…
    14.04.2026
    Тұтынушы құқығы заң аясында қорғалды: Департамент араласқан соң ірі көлемдегі қаражат қайтарылды
    14.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>