⚠️ API қатесі: cURL error 28: Operation timed out after 5000 milliseconds with 0 out of 0 bytes received
Бейсенбі, Сәуір 9, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қауіпсіздік – басты назарда

    07.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Қауіпсіздік – басты назарда
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

       Алматы облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын пысықтады. Сапар барысында орталық мемлекеттік органдардың, Үкімет аппаратының өкілдері, сондай-ақ облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев болды.

    ҚР Премьер-министрінің ақпараттық ресурсы хабарлағанындай, Астанадан келген арнайы өкілдер Қонаев қаласындағы коммуналдық жағажайлар мен «ASP Arena» көпфункционалды кешеніне барды. Облыс әкімдігі мен бейінді қызметтер санитариялық дайындық, қауіпсіздік шаралары, медициналық, құтқару және құқық қорғау қызметтерінің жұмысы, демалушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында атқарылып жатқан істер жайында баяндады.

    Аида Балаева нысандардың толық дайындығын дәл қазірден бастап қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар халықпен уақытылы түсіндіру жұмысын жүргізудің, судағы қауіпсіздікті, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге жағажайлар мен демалыс аймақтары әкімдіктердің қарауында емес екеніне баса назар аударды. Осыған байланысты Аида Ғалымқызы жекеменшік нысандардың иелері де тазалыққа, қоғамдық тәртіпке, инфрақұрылымның жай-күйіне және ең алдымен адамдардың судағы қауіпсіздігіне толық жауапкершілікпен қарауға тиіс екенін алға тартты. Облыс әкімдігіне демалыс аймақтары иелерінің атына қауіпсіздікті қамтамасыз ету, санитариялық талаптарды сақтау және жазғы маусым кезеңінде жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар қамтылған тиісті хабарламалар әзірлеп, жеткізу тапсырылды.

    Бұдан бөлек, туризм және спорт министріне туристік нысандар иелері мен жеке компаниялардың қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуіне, қауіпсіздік талаптарын сақтауына және белгіленген нормаларды орындауына қатысты жауапкершілігін реттейтін құқықтық тетіктерді пысықтау міндеттелді. Жекеменшік демалыс аймақтары азаматтар мен мемлекет алдындағы тиісті жауапкершіліксіз тек коммерциялық қызметпен ғана шектелмеуге тиіс екені баса айтылды.

    Премьер-министрдің орынбасары туристік аймақтарда жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану орындары мен өзге де сервистік нысандар қызметінің заңдылығын бақылау қажеттігіне де айрықша назар аударды. Уәкілетті органдарға еңбек заңнамасының сақталуын, қызметкерлермен, оның ішінде жұмысқа тартылатын жастармен және студенттермен жасалған еңбек шарттарының болуын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуын тексеруді қамтамасыз ету тапсырылды. Азаматтардың құқықтары толық көлемде сақталуға тиіс екені атап өтілді. Бұл демалушылардың да, жергілікті тұрғындар мен қызметкерлердің де құқықтарына бірдей қатысты. Сонымен қатар көлік логистикасы, автотұрақтардың жеткілікті дәрежеде болуы, жол қозғалысын ұйымдастыру және жаппай демалыс орындарындағы көлік ағынын реттеу мәселесі де көтерілді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын бұзғандарға қатысты қатаң әрекет ету қажеттігі де сөз етілді. Аида Балаева барлық белгіленген талаптар мүлтіксіз сақталуға тиіс екенін, ал құқық бұзушыларға қатысты шаралар уақтылы әрі заңнамаға сәйкес қабылдануы қажет екенін жеткізді.

    – «Таза Қазақстан» идеологиясы жай ұран болып қалмай, туристік нысандардың жай-күйінен көрініс табуы керек. Ол тазалықтан, тәртіптен, кеңістіктің түсінікті ұйымдастырылуынан және ортақ демалыс орнына деген құрметтен байқалуға тиіс. Ал «Заң мен тәртіп» қағидаты барлық қызметтің нақты әрі үйлесімді жұмысынан және қауіпсіздік талаптары мен қоғамдық тәртіп нормаларын бұзғандарға қатысты шаралардың бұлтартпай қолданылуынан көрінуі қажет», – деді Аида Балаева.

    Іссапар қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары аумақтардың санитариялық жағдайын күшейтуді, инфрақұрылым мен қауіпсіздік қызметтерінің дайындығын қамтамасыз етуді, халықпен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ коммуналдық және жекеменшік демалыс нысандарына жүйелі бақылау орнатуды тапсырды. Сонымен бірге заңдылықтың сақталуына, азаматтардың еңбек құқықтарының қорғалуына және меншік иелерінің қауіпсіздік, тәртіп пен көрсетілетін қызмет сапасы үшін жауапкершілігіне ерекше мән берілді.

    Алма ЕСЕНБАЙ

     

    1 of 3
    - +

    1.

    2.

    3.

     

    Соңғы жаңалықтар

    Әскери әдеп әспеттелді
    08.04.2026
    Көпшілік тыңдау өтті
    08.04.2026
    Құрылыс қарқынды
    08.04.2026
    Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
    08.04.2026
    Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді
    08.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>