⛅
18°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Кітапханаға ғұмырын арнаған жан

    20.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Кітапханаға  ғұмырын арнаған жан
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

      «Өмірдің ең алыс және қараңғы жолдарыда жарық беретін шамға» іспеттес болған кітаптарды сақтап, насихаттап жүрген Жаңыл Оразбайқызы келешек ұрпақты тәрбиелеу жолында адалдықтың ақ жүгін арқалап келеді. Кітапханашы қарапайым мамандық дер біреулер. Кез келген көзі ашық, көкірегі ояу тұлға өз ұрпағына жан-жақты тәрбие беруде кітапханаға, оның ішінде кітапханашыға жүгінері сөзсіз.
    Осы тұрғыда әр оқырманға мына күйбең тіршіліктен бір мезетке шығып, басқа бір әлемді табуға өз көмегін беріп жүрген Жаңыл Нәшірбекованы өз ісінің маманы десек болады. Оқырманның рухани баюына, саналы ұрпақ легінің қалыптасуына зор үлес қосып жүрген мықты маманның қалай қалыптасқандығын оның еңбек жолынан аңғаруға болады. Ол Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер ауылдық кітапханасында 2003 жылдан бері табан аудармай еңбек етіп келді. Жаңыл Оразбайқызы еңбек жолын бастаған күннен-ақ ауыл кітапханасының жұмысын жандандыруға ерекше үлес қосты. Кітап қорын насихаттау, оқырман санын арттыру, түрлі мәдени-танымдық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы ол ауыл тұрғындарының рухани өміріне серпін беріп отыр. Әсіресе жас ұрпақты кітап оқуға баулу, олардың ой-өрісін кеңейту бағытындағы еңбегі зор.
    Жылдар бойғы тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігінің арқасында ол көптеген марапаттарға ие болды. Соның ішінде 2021 жылы «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» медалімен марапатталуы – оның еңбегіне берілген жоғары баға. Бұл марапат – тек жеке жетістік қана емес, ауыл кітапханасының да абыройын арттырған маңызды оқиға.
    Қаракемер ауылдық кітапханасы бүгінде оқырман үшін тек кітап алатын орын ғана емес, рухани ортаға айналып отыр. Бұл – Жаңыл Оразбайқызы сынды өз ісіне жан-тәнімен берілген мамандардың еңбегінің нәтижесі. Оның еңбегі – кейінгі жас буынға үлгі, ал кітапқа деген сүйіспеншілігі – мәңгілік құндылық.

    Бақытгүл Тұрғынбаева

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында орман қоры ұлғайып келеді
    20.04.2026
    Кәсіпкер мәселесі талқыланды
    20.04.2026
    Туристік өлке төрінде
    20.04.2026
    Дән егіп терлеген
    20.04.2026
    Кітапханаға ғұмырын арнаған жан
    20.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>