Қонаев қаласында масаға қарсы кешенді өңдеу басталды. Бұл бағыттағы жұмыстарды Қонаев қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жүргізуде, – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда безгек масасына қарсы дезинсекцияның алғашқы кезеңі қолға алынды. Қыркүйек айына дейін өңдеу жұмыстары 6 кезең бойынша жүргізіледі.
Қала аумағында жалпы көлемі 70 гектарды құрайтын 60 анафологенді су айдыны бар. Бұл аумақтар масалардың көбеюіне қолайлы орта болғандықтан, аталған учаскелер жыл сайын жоспарлы түрде өңделеді.
Сонымен қатар қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан саябақтар мен жағажайларды масаға қарсы өңдеуді бастау жоспарланып отыр.




