⛅
18°C
Қонаев
Жексенбі, Сәуір 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Лудомания – ғасыр дерті

    03.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Лудомания – ғасыр дерті
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы Мәдениет үйінде «Лудомания және оның алдын алу жолдары» тақырыбында семинар өтті. Оған мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасар­лары, психологтар, педагогтер, колледж студенттері мен қоғам белсенділері қатысты. Шараны Іле аудандық «Қоғамдық келісім және даму орталығы» ұйымдастырды.

    Семинар тақырыптық бейнеүзінді көрсетуден басталды. Кездесу модераторы, «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ Іле аудандық бөлімінің басшысы Мейрамкүл Жабиева лудомания тақырыбының бүгінгі таңда қаншалықты өзекті екенін атап өтіп, бұл шара ең алдымен қоғамда жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын жеткізді. Осы ретте халықтың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау аса маңызды екеніне тоқталды.
    Шарада облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Жошыбаева отбасы тәлімі мен ана тәрбиесінің рөлі турасында баяндама жасады.
    – Біз лудомания тақырыбын жайдан-жай қозғап жатқан жоқпыз. Статистикаға сәйкес, бес миллион жастың бір миллионы осы тәуелділікке ұшыраған. 3,5 миллион оқушының 700 мыңға жуығы кем дегенде бір рет ставка жасап көрген, – деді Гүлнар Сағатқызы. – Ойынға тәуелділіктің салдары көп жағдайда ауыр соққыға әкеледі. Адамдар ақша ұтылумен ғана шектелмейді, үйінен, пәтерінен, көлігінен айырылады. Мұның соңы отбасының күйреуіне келіп тірейді. Кейбірде бұл қайғылы жағдайға себеп болып, суицидке дейін жеткізеді.
    Баяндамашы лудомандарды емдеудің қиындығы турасында да сөз қозғады.
    – Тәуелділіктің жоғары сатысындағы адамға оңалту арқылы ғана көмек беруге болады. Ол үшін айына шамамен 400 мың теңге жұмсалады. Кем дегенде бес ай емделуі керек, бұл екі миллион теңгеге жуық қаржыны талап етеді. Бұған әрбір отбасының жағдайы жетпейді, – деді ол.
    Семинар барысында ойынға тәуелділікті қандай белгілерден білуге болатыны туралы да айтылды. Бұған мінез-құлықтың күрт өзгеруі, смартфонға тәуелділік, ашуланшақтық, тұйықтық, оқуға және ақшаға қатысты проблемалардың орын алуы тән. Бұл ретте мұғалімдерге жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қандай өзгерістерге назар аудару керектігі, дабылды уақытында қағып, ата-аналармен жұмыс істей білу қажеттігі турасында кеңес берілді.
    Сарапшылар лудоманияға адамдар күйзелістен, жалғыздық сезімінен, мазасыздықтан, отбасылық кикілжіңнен немесе қаржылық қиындықтан баратынын алға тартты. Жастар мен жасөспірімдер арасында ойын көбіне шындықтан құтылудың, эмоцияға берілудің, оңай ақша табудың тәсілі ретінде көрініс табады.
    Семинарда сондай-ақ Іле аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мақсат Сейдалиев баяндама жасап, құмар ойынның адам тағдырына тигізетін әсері туралы сөз қозғады. Іле аудандық оқу-әдістемелік орталығының үйлестірушісі Бақытгүл Мақанова ойынға тәуелділіктің психологиялық тетіктерін түсіндірді. Ақсай ауылдық округі аналар кеңесінің төрағасы Гүлзира Еркебаева ата-аналармен жұмыс істеудегі мектептің рөліне тоқталса, «Алтын ұя» рухани даму үйірмесінің негізін қалаушы Бақытгүл Сәрсенбиева тәуелділікке тап болған адамдарға қалай көмек көрсету қажеттігі жайында әңгімеледі.
    Семинардан түйген ой: ата-аналар баласының қандай ойын ойнайтынын мұқият қадағалап отыруы керек, ұялы телефонды қолдану уақытын шектеп, ойынға бәс тікпес үшін банк картасын жасөспірімнің смартфонына байламау қажет. Ең бастысы, баламен үнемі байланыста болып, оның жалғыз қалуына жол бермеу керек.
    Бала тәрбиесінде мектептің де рөлі зор. Мұғалімдер ата-аналармен ойынға тәуелділік мәселесін үнемі талқылап, алғашқы дабыл белгілері туралы айтып, алдын алу жолдарын бірлесіп іздеуі керек.
    Семинар соңында қатысушылар лудомания отбасылық қана емес, қоғамдық мәселе, онымен күресу баршаға ортақ парыз екенін атап өтті. Облысымызда оның алдын алуда түрлі іс-шара жоспарлануда. Демек, лудоманиямен күрес жыл бойы жалғасын таппақ.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Іле ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Бүгін – геологтар күні
    05.04.2026
    600 доп, күш шоуы және болашақ чемпиондар: Қонаевта тарихи дода басталды
    04.04.2026
    Қонаевта 700 түп ағаш отырғызылды
    04.04.2026
    Аналар қуанышы ортаймасын!
    04.04.2026
    Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті
    04.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>