Іле ауданында мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинар-кеңес өтіп, қызмет әдебі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Семинар барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Ғалым Тоқпейісов, полиция полковнигі Жанар Көптілеуова және дінтанушы Мадияр Дүнгенбек өз бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өзекті сұрақтарына жауап алды.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Асқар Садықов мемлекеттік қызметтің басты өлшемі – кәсібилік пен адалдық екенін атап өтіп, келген спикерлерге алғыс білдірді. Іле ауданында мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және әдеп нормаларын сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.





