☀️
20°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 29, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

    29.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Үкімет
    Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді.

    Жиынға мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП басшылары, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері қатысты.

    Отырыс барысында Премьер-министр Олжас Бектенов отандық денсаулық сақтау, фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту халықтың өмір сүру сапасы мен ұлттық экономиканың тұрақтылығына тікелей әсер ететінін атап өтті.

    «Адамға бағдарланған мемлекет қағидаты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қабылданған жаңа Конституцияның негізгі өзегіне айналды. Яғни, адам капиталын дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде танылды әрі ол Ата заңда нақты бекітілді. Бұл, өз кезегінде отандық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін де тың тәсілдерді талап етеді», — деді Олжас Бектенов.

    «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Қанат Шарлапаевтың айтуынша, бүгінде елімізде 209 отандық өндіруші тіркелген, оның 43-і дәрілік заттар өндірісімен, 166-сы медициналық бұйымдар шығарумен айналысады. Қазіргі таңда 31 қазақстандық тауар өндірушімен 2 мыңнан астам фармацевтикалық өнім түрін жеткізу бойынша 83 ұзақмерзімді шарт жасалған. 2025 жылғы желтоқсаннан бері 316,3 млрд теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылып, нәтижесінде 400-ге жуық дәрілік зат түрін шығару, 1,1 мыңнан астам жұмыс орнын құру және экспорттық әлеуетті кеңейту көзделген.

    Үкіметтің қолдауымен уәкілетті органдармен бірлесіп, бағаны кезең-кезеңімен реттеу бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда бұл шара рецептсіз сатылатын 2,5 мыңға жуық дәрі-дәрмекті қамтыды, сондай-ақ құны 1 АЕК-ке дейінгі тағы 1,8 мың рецепт арқылы берілетін дәрі-дәрмек бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің талдауына сәйкес, биылғы 1 тоқсанда 631 дәрі-дәрмек түрі бойынша баға орта есеппен 24,6%-ға төмендеген. Сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды «бір терезе» қағидаты бойынша тіркеуді жеделдету тетіктері пысықталуда, бұл олардың нарыққа шығу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

    Соңғы жаңалықтар

    БОЗ КІЛЕМДЕГІ БЕЛДЕСУ
    29.04.2026
    Сот ғимараты бой көтереді
    29.04.2026
    ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
    29.04.2026
    Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады
    29.04.2026
    Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді
    29.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>