⛅
26°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Сенімге негізделген келісім

    03.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Сенімге негізделген келісім
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қытайда Алматы облысы мен Шэньси провинциясы арасында сауда-экономикалық бағыттағы форум өтті. Келелі кеңесті ұйымдастыруға Сиань қаласындағы ҚР Бас консулдығы ұйытқы болды. Іскерлік форум барысында Марат Сұлтанғазиев бастаған Алматы облысының делегациясы мен қытайлық компаниялар 24 меморандумға қол қойды.

    Екі тарап жобаларды талқылап қана қоймай, өзара сенім мен құрметке негізделген, жаңашылдыққа бағытталған келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, биотехнология, IT салалары бойынша құны 1 трлн теңгеден асатын бизнес жобалар тізбегі жасалды.

    Марат Елеусізұлы «Қазақстан әрдайым әлемге, әріптестікке және инвестицияға ашық ел болып қала береді» деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сүйене отырып, бұл пікір саяси ұстаным ғана емес, стратегиялық таңдау екенін айтты.

    «Қазіргі таңда біз аймаққа сенім білдіріп, маңызды жобаларды іске асыратын ірі халықаралық инвесторлармен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Қытай – ең ірі сауда серіктесіміз, көршіміз және көп ғасырлық досымыз. Алматы облысы Қытай Халық Республикасымен тікелей шектеседі. Бұл сауда, логистика, өнеркәсіп және трансшекаралық жобалар үшін қолайлы. Сол себепті осы форумды өткізіп отырмыз. Бұл бірлескен бастамаларды көбейтіп, қытайлық компаниялардың өңірдегі жұмысын арттырады. Бүгін «Тоқтамай жүрсең, болашақ міндетті түрде жарқын болады» деген ежелгі Қытай халқының даналығы заманауи мәнге ие болып отыр. Біз бірге алға жылжимыз. Сондықтан екі елдің жарқын болашағына сенімдіміз», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ Алматы облысы еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі болғандықтан инвесторлардың сенімі жоғары екенін жеткізді. Айтуынша, қазіргі уақытта жалпы құны 6,2 трлн теңге болатын 216 инвестициялық жоба қолға алынған. Бұл бастамалар нәтижесінде 80 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. 72 жоба шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асуда. Олардың жалпы құны – 3,9 трлн теңге. Ал жоспарланған жұмыс орындарының саны 27 мыңнан асады. Өңірде PepsiCo, KT&G сынды трансұлттық компаниялар табысты жұмыс істеп, заманауи өндіріс орындарын дамытуда.

    Облыс әкімі жаңадан салынатын Алатау қаласының құрылысына ерекше тоқталды. Бұл аумақ өңір дамуына серпін беріп, инновацияларды, заманауи қала құрылысы стандарттарын және өмір сүруге де, бизнес жүргізуге де қолайлы ортаға айналатынын тілге тиек етті.

    «Инвестициялар – тек капитал ғана емес, сенім мен шынайы серіктестіктің көрінісі. Сондықтан Алматы облысында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар өңірдің әлеуетін көріп, көпжылдық жоспарын, тың жобаларын жүргізуде. Ұзақ мерзімді даму үшін инвестиция салуға дайын», – деген Марат Сұлтанғазиев компания өкілдерін бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

    Іссапар барысында облыс әкімі Шэньси провинциясы партия комитетінің  хатшысы Чжао Идэмен кездесті. Жүздесуде өнеркәсіп, инновациялық технологиялар, логистика, ауыл шаруашылығы және жоғары технологиялық өндіріс саласында байланыс орнату жайы талқыланды.

    Қос тарап бұған дейін 2023 жылы кездескен. Сол сапар кезінде 20-дан астам іскерлік келісім жасалды. Алматы облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы достық қарым-қатынас 2017 жылдан басталады. Өткен жылы 17 маусымда өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде кең ауқымды әрі мазмұнды жұмыстар атқарылды.

    Марат Елеусізұлы өз сөзінде Сиань қаласы Қытайдағы тарихи әрі экономикалық маңызды орталық екенін атап өтті. Мұндай кездесулер достық және ынтымақтастықтың одан әрі артуына ықпал ететінін жеткізді.

    – Биыл Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 34 жыл толды. Осы уақыт ішінде екі ел құрметке және стратегиялық әріптестікке негізделген үлгілі қарым-қатынас қалыптастырды.

    Қытай Халық Республикасы – өңіріміздің негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі.  Соңғы үш жыл ішінде өзара сауда көлемі тұрақты түрде 1 миллиард АҚШ долларынан асты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1 миллиард 257 миллион АҚШ долларына жетті, – деген аймақ басшысы бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталды.

    Айтуынша, Шэньси провинциясы даму жолында жүйелі әрі сараланған тәсілді ұстанып отыр. Ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруда мол тәжірибеге ие. Достық байланыстың арқасында облыстың инвестициялық «Tehnograd» компаниясы Шэньсидің «Жібек жолы Юньто (Сиань)» технологиялық даму компаниясымен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндірудің толық циклін қалыптастыруда. Өткен жылы сәуір айында провинция студенттері өңірге келіп, білімін жетілдірген.

    Марат Сұлтанғазиев екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамуын ескере отырып, Қазақстанда робототехника, жасанды интеллект, мұнай-газ саласындағы машина жасау және компьютер инженериясы бағыттары бойынша шеберханалар ашуды ұсынды.  Тіпті екі ел халқы бір-бірінің дәстүрі мен мәдениетін тереңірек тануы үшін Жол картасын әзірлеп, Мемлекеттік телеарналар мен медиаплатформалар арасындағы байланысты дамыту, тәжірибе алмасу және БАҚ саласында бірлескен медиажобаларды жүзеге асыру туралы ұсыныс айтылды. Экспорт көлемін арттыру, сапа стандарттарына сай ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа шығару, жүгері және басқа да дәнді дақылдарды терең өңдеу саласында бірлескен жобаларды іске асыру мәселесі де талқыланды. Бұдан бөлек Алматы облысының студенттеріне Шэньси провинциясының жоғары оқу орындарына тегін білім гранттарын бөлу жайы да сөз болды.

    Алдағы уақытта Алматы облысы мен ҚХР арасындағы ынтымақтастық нығайып, ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Бұл өңірдің дамуына үлес қосып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

     

    1 of 1
    - +

    1.

    Соңғы жаңалықтар

    Сенімге негізделген келісім
    03.04.2026
    Сенімге негізделген келісім
    03.04.2026
    Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру
    03.04.2026
    Жаңарған кітапхана
    02.04.2026
    Шаруалар өтініші ескеріледі
    02.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>