⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Сәуір 9, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Шеңгелдідегі ауыз су жүйесі жаңғыртылады

    09.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Шеңгелдідегі ауыз су жүйесі жаңғыртылады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Бұл туралы Сарыбұлақ ауылы тұрғындарымен кездескен қала әкімі Асхат Бердіханов айтты.

    Оның сөзіне сүйенсек, Шеңгелді ауылдық округіне қарасты 5 елдімекеннің инфрақұрылымын дамытуға аса көңіл бөлінуде. Мысалы, биыл бес ауылдың 88 көшесіне жарық жүйесі тартылады. Соның ішіне Сарыбұлақ ауылының 14 көшесі енгізілген. Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.

    «Шеңгелдіде ауыз су желісін жаңғырту жобасы мемлекеттік сараптамадан өтті. Биыл құрылыс басталады. Бұдан бөлек, жаңа аялдамалар, спорт алаңдарын орнату, Шеңгелді ауылында жолдарды орташа жөндеуден өткізу жоспарланып отыр», – деді әкім.

    Жиында ауылдарды көгілдір отынға қосу мәселесі де сөз етілді. Асхат Бердіхановтың мәліметінше, автоматтандырылған газ тарату станциясын салу жобасы мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Ал ауылішілік газ жүйесінің жобасы әзірлену үстінде.

    «Бұл шаралардың барлығы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, ауылдарды дамыту, қолайлы орта құру мақсатында қолға алынуда», – деді Асхат Бердіханов.

    Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығы саласына да тоқталды. Айтуынша, Шеңгелді ауылдық округінде егіс көлемі 13 528 гектарды құрайды. Көктемгі дала жұмыстарын өткізуге 67 трактор, 10 астық сепкіш қатысады. Зиянкестерге қарсы 11 475 гектар алқапта химиялық өңдеу жүргізіледі.

    «Сарыбұлақта қуаттылығы 1200 басты құрайтын сүт-тауарлы ферманың құрылысы басталады. Мемлекеттік қолдау шараларына келсек, «Кең дала 2» бағдарламасы аясында сомасы 245,1 млн.теңгеге 2 өтінім мақұлданды. Ал «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғыны мал сатып алуға 6,5 млн.теңге қаржылай несие алды», – деді ол.

    Қала басшысы баяндамасынан кейін тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сауалдардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығы саласына қатысты болды. Асхат Бердіханов проблемалардың назарға алынғанын жеткізіп, нақты шешімдер қабылданатынын айтты.

    Сарыбұлақ ауылының халқы жарық жиі өшетініне шағымданды. Бұл проблема «АлатауЖарықКомпаниясы» АҚ-мен бірлесе отырып, қарастырылады.

     

    1 of 3
    - +

    1.

    2.

    3.

    Соңғы жаңалықтар

    2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы: Ақпараттық шабуылдар жаңа технологиялық деңгейге шықты. Басты нысанада – ІІМ мен ЕХӘҚМ. Анонимді арналар арқылы ұйымдастырылған шабуылдар жиіледі
    09.04.2026
    Шеңгелді ауылдық округі әкімінің орынбасары таныстырылды
    09.04.2026
    Шеңгелдідегі ауыз су жүйесі жаңғыртылады
    09.04.2026
    Хабарландыру: Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді
    09.04.2026
    Құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр, Мәжіліс Парламентінің вице-спикері Дания Еспаева, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев білдірді
    09.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>