⛅
21°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Шешімдерге өзгеріс енгізілді

    27.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Шешімдерге өзгеріс енгізілді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қаласында облыстық мәслихаттың кезекті  сессиясы өтті. Сессия отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат  Есболатов, ардагерлер ұйымының, қоғамдық кеңестің төрағалары, құқық қорғау органдарының, департаменттер пен басқармалардың басшылары, онлайн режимде аудан, қала әкімдері мен мәслихат төрағалары қатысты.

    Жиынды ашып, жүргізіп отырған облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев қозғалатын әр мәселенің айрықша маңызды екенін тарқатып, ел алдында еңселі жұмыс атқарылуы тиіс екенін сөзіне қосты. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе орман қорының жай-күйi  туралы облыстық табиғи ресурс-тар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Мейірханова баяндама жасады. Оның айтуынша, мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу туралы тапсырмасына сәйкес, облыс бойынша 23,8 мың гектар алқапқа 52,6 млн ағаш отырғызу  жоспарланған. Бүгінгі күнде  барлығы 15 гектар жерге 121,4 мың дана қарағаш, 17 гектар жерге 107,8 мың дана өріктің екпе көшеттері отырғызылды.«Өрт қаупі жоғары аймақтарда 5 арнайы бекет орнатылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Сондай-ақ орман қорғау жүйесінде 13 орман өрт сөндіру станциясы жұмыс істейді, олар штат бойынша 73 өрт сөндіруші қызметкермен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта мемлекеттік орман күзетінің өртке қарсы техникамен қамтылуы 88%-ды құрайды»,– деді Айнұр Серікқызы.

    Келесі кезекте Қонаев қаласының  Бас жаспарына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралып,облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасын-ың  басшысы Болат Мұсылманбеков баяндама жасады. Оның сөзінше, Бас жоспарға түзету қаланың шекараларының өзгеруіне, сондай-ақ бұрын қабылданған қала құрылысы шешімдерін қазіргі жағдайлар мен даму перспективаларын ескере отырып өзектендіру қажеттілігіне байланысты туындаған. Ұсынылып отырған жоба тек өзектендіру ғана емес, сонымен қатар  облыс орталығының  кеңістіктік құрылымын және оның негізгі даму бағыттарын жүйелі түрде нақтылауға мүмкіндік береді.

    Аталған сессия отырысында ағаштар мен гүлдерді  күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту және        «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыруға арналған өңірлік бағдарламаға енген  өзгерістер мен  тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламасы да   мәслихат депутаттары назарынан тыс қалмады. Аталған  мәселер төңірегіндегі   облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқар-масы басшысының уақытша міндетін атқарушы Жанғазы Жаңабайұлының баяндамасы тыңдалды.Оның айтуынша, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының өңірлік бағдарламасының 7-тармағында қалалар мен ірі елді мекендерде су үнемдеу технологияларын енгізу көзделген. Бастапқы кезеңде бұл индикатор тек ауыл шаруашылығы жерлеріне бағытталған болатын. Алайда, ҚР су ресурстар және ирригация министрлігімен өткен кеңесте, аталған технологияларды қалалардағы жасыл желектерді суару кезінде қолдану қажеттілігі айқындалған. Осыған байланысты,облыстың Қонаев, Алатау, Есік, Қаскелең және Талғар қалаларында жасыл қор аумақтарына су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша индикаторларды қайта қарау қажеттілігі туындаған.   Жанғазы Жаңабайұлы өз сөзінде  аймақ аумағында  тұрғын үй қорын жаңғыртуға бағытталған ауқымды реновация бағдарламасы іске қосылғанын айтты. Жоба аясында инвесторлар қаражатының қолдауымен  облыс орталығы мен Есік  қаласында апатты деп танылған үйлер кезең-кезеңімен сүріліп, олардың орнына заманауи тұрғын үй кешендері бой көтермек. Бірақ жоба өз деңгейде жүзеге асу үшін   әкімшілік  ережелерді қайта қарау маңызды.

    Мәслихат сессиясының  күн тәртібіндегі «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазым-дық  айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, «Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлыққа  ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс еңгізу туралы  мәселелер қаралды. Сонымен қоса облыс  әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы  комиссиясының дербес құрамы бекітілді. Бұған қатысты ақпарат алдын ала қаралғандықтан, депутаттар бірауыздан қолдады.

    Мәслихат төрағасы Қуат Сұлтанұлы кейбір мәселелер бойынша жауапты басқармалар өз ісіне атүсті қарап отырғанын жасырмады. Сонымен қоса кейбір сұрақтар бойынша тиісті органдар тарапынан қажетті келісім алынбаған жағдайда шешім тіркеуден өткізілмейтінін және заңды күшіне енбейтінін ескертті.

    Сессияны қорытындылаған облыс әкімінің  бірінші  орынбасары Қанат Есболатов  қабылданған шешімдердің маңызын тілге тиек етті. Ол аймақтағы экологиялық жобалар мен   инфрақұрылымдың жаңғыруы, өңір тұрғындар-ына  жайлы орта жасаудың   маңызды  міндет  екенін атап өтті.

    Соңғы жаңалықтар

    Келісім – тұрақтылықтың басты шарты
    27.04.2026
    Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
    27.04.2026
    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    Балалардың жазғы демалысы: лагерь таңдаудағы маңызды қағидалар
    27.04.2026
    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>