⚠️ API қатесі: cURL error 28: Operation timed out after 5000 milliseconds with 0 bytes received
Сейсенбі, Сәуір 7, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    СӨЗ КИЕСІН ҰҒАЙЫҚ!

    07.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    СӨЗ КИЕСІН ҰҒАЙЫҚ!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

      Облыстық тілдерді дамыту департаменті мен Талғар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» атты аймақтық іс-шара өтті. Оның  мақсаты – сөйлеу мәдениетінің маңыздылығын, тіл тазалығын және сандық дәуірдегі сөз құндылығын түсіндіру, жастарды саналы, жауапты және мәдени тілдік қарым-қатынас рухында тәрбиелеу, сондай-ақ интернет кеңістігінде ауызша сөйлеудің жақсы дағдыларын дамыту.

     Шараға облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Салтанат Бесбаева, Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаев, мәслихат депутаттары, қалалық округ әкімдері, қоғам қайраткерлері, лингвистер, аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, жастар, этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

    Мәдениет үйінің баспалдағынан бастап мерекелік рух пен көңіл-күй сезіледі, құлаққа жағымды ұлттық әуен шырқалып тұр. Кіреберісте қонақтарды қарсы алатын роботтар көрмесі ұйымдастырылған. Ал әсем киінген әжелер шара қатысушыларына ұлттық тағамдар ұсынып, сол арқылы қазақ халқының қонақжайлығы мен салт-дәстүрін дәріптеуде.

    Содан кейін қонақтар екінші қабатқа көтерілді. Бұл жерде оқу орындарының өкілдері мектептерде қолданылатын жасанды интеллектіні пайдалану және жаңа технологиялар арқылы ұлттық құндылықтарды ілгерілету туралы әңгімеледі. Сонымен қатар сахнада ұлттық киім киген қыздар Абайдың рухани мұрасының нышаны іспетті кітапшаларды таныстырды. Күнтізбені таныстыратын диктор Абай сөзі – қазақ халқының бойтұмары екенін егжей-тегжейлі айтып берді. Олардың түсіндіруінше, аңыз – халық арманынан туған ауызша әдебиеттің ерекше түрі. Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа ауызша берілетін халық тарихы, бірегей сипаттағы жанр, оған шынайы оқу мен қиялдың элементтері қосылған.

    Іс-шараның екінші бөлігі Мәдениет үйінің үлкен мәжіліс залында өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев ашты.

    – Біз бүгін өмір сүріп жатқан сандық дәуір – ақпараттың жедел  таралуы мен технологиялардың қарқынды дамуы кезеңі. Мұндай уақытта сөздің құндылығы бұрынғыдан да арта түсті. Бір пікір немесе жарияланған ақпарат бір сәтте мыңдаған, тіпті миллиондаған адамға жетуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде ұтымды ойлауды, мәдени пікір алмасуды және қоғамда жауапты қарым-қатынасты қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Президент  елдің болашағы сапалы білім мен саналы ұрпақтың қолында екенін айтып, ұлттық құндылықтарды сақтау, ана тілінің мәртебесін арттыру және цифрлық кеңістікте жалған ақпарат пен ойсыз сөздердің таралуына жол бермеу қажеттігін ерекше ескертті.

    Сөз, бұл тек коммуникация құралы ғана емес, ол – қоғамды қалыптастыратын және адамдардың ақыл-ойына әсер ететін күш. Сондықтан да әрбір айтылған сөз бен жазылған пікірдің салмағын түсіну аса қажет. Біздің халқымыз «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтқан жоқ. Шынында да, жақсы айтылған сөз адамды жігерлендіреді, қоғамды біріктіреді және жақсылыққа бастайды. Керісінше, теріс сөз дау мен түсініспеушілікке әкелуі мүмкін. Сыпайылық пен жауапкершілік цифрлық кеңістіктегі басты қағидаттар болуы тиіс. Әрбір азамат ақпаратты тексеріп таратуы және өз пікірін құрметпен білдіруі керек. Бұл – қоғамдағы бірлікті сақтау үшін маңызды шарт. Біз бәріміз бірге жауапты қоғам құрып жатырмыз. Бұл жолда біздің әрбір сөзіміз – өзіміздің айнамыз, мәдениетіміздің көрсеткіші. Сондықтан әр сөзімізге мұқият қарап, оларды игілікке бағыттайық, – деді Айбек Дүйсенбекұлы.

    Ары қарай IT-технологиялар саласындағы маман, Al Hib негізін қалаушы, ақпараттық индустрия сарапшысы, журналист Мейіржан Әуелханұлы шара қатысушыларына ЖИ-ді дамыту мүмкіндіктері, сондай-ақ осы саладағы жаңа трендтер туралы айтып берді. Оның слайдтармен көркемделген жарты сағаттық дәрісі тыңдаушыларға көптеген пайдалы ақпарат берді. Одан соң «Жасанды интеллект әліпбиі» атты жаңа кітаптың таныстырылымы өтті. Сондай-ақ концерттік бағдарлама ұсынылып, онда фольклорлық ансамбльдер орындаған  ұлттық музыка аясында  экраннан көрсетілген қазақтың салт аттылары, Абай мен Жамбыл өмірінің, басқа да ұлттық кейіпкерлердің көріністері шындыққа айналды.

    Шара кезінде сөз алған Салтанат Беспаева цифрлық дәуірде мемлекеттік тілді сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

    – Жасанды интеллектіні енгізу – уақыт талабы. Цифрландыру дәуірінде қазақ тілін сақтау, бұл – оның өміршеңдігін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар біздің ұлтымыз бен мәдениетіміздің болашағын қорғау. Қазақ тілін заманауи ақпараттық технологиялар мен интернетте қолдануды кеңейту – әрқайсымыздың міндетіміз. Мемлекеттік тіл әрбір цифрлық инновацияда орын алуы тиіс. Қазіргі жас ұрпақ қазақ тілінде еркін сөйлейтін және оны жаңа технологиялар мен мәдениетке сәйкес дамытатын болашақ иелері болуы тиіс. Біздің міндетіміз – сөйлеудің рухани, мәдени және әлеуметтік құндылығын түсіндіру, жастарға тілдің тазалығын сіңіру, цифрлық кеңістікте мемлекеттік тілді кеңінен пайдалануға ықпал ету, жастарды орыс, ағылшын және басқа да тілдерді үйренуге ынталандыру және қолдау көрсету, – деді Салтанат Дауысбекқызы.

    Шара барысында тыңдаушылар Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасынан үзінділер тыңдап, дәстүрлі құндылықтар мен жаңа технологиялар арасындағы байланысты көрді. Жиын соңында өңірдегі тіл саясатын іске асыратын және мемлекеттік тілді ілгерілететін арнайы номинациялар бойынша үздіктер марапатталды. Олардың барлығы облыстық тілдерді дамыту басқармасы атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар алды. Бұл шара цифрлық кеңістіктегі тіл мәдениеті мен сөздің күшін одан әрі нығайта түсуге септігін тигізетіні анық.

    Иә, дана халқымыз ежелден «Жақсы сөз жан жылытады», «Таппай айтқан сөз жаман, киесі жоқ» дейді. Бұл бекер айтылған емес, ол – өмірдің өзі, көпғасырлық тәжірибе арқылы қалыптасқан өте құнды тұжырым. Ал қазақтың көрнекті ақыны, қоғам және мемлекет қайраткері Кәкімбек Салықов: «Бір ауыз сөз қасіретті тыяды, Бір ауыз сөз айықпас дерт жияды…», – дейді. Сондықтан айналамыздағы араласатын жандардың көңілдеріне кірбің салмай, ойланып сөйлеп, жақсы сөз айтқанға, сөз киесін ұққанға не жетсін!

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

     

    1 of 2
    - +

    1.

    2.

    Соңғы жаңалықтар

    Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды
    07.04.2026
    Қапшағай су қоймасында балық аулауға уақытша тыйым салынды
    07.04.2026
    СӨЗ КИЕСІН ҰҒАЙЫҚ!
    07.04.2026
    Тоғызқұмалақ шеберлері Алатауда бас қосты
    07.04.2026
    Премьер-министр: Мәдениет министрлігі Конституция бойынша жоспарлы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастыруы қажет
    07.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>