☀️
18°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде

    06.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облыс әкімінің қолдауымен, облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен Қарасай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» атты облыстық байқау өтті. Мақсаты – цифрлық дәуірде сөздің құндылығы мен рөлін талқылау, тілдің маңыздылығын арттыру, ақпарат таратудағы жауапкершілікті түсіндіру. Шараға облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Салтанат Беспаева, халық қалаулылары, тіл мамандары, зиялы қауым өкілдері, жастар және этно-мәдени бірлестік өкілдері қатысты.

    Аталған шара «Қарасай жастары» театры өнерпаздарының сахналық қойылымымен басталды. Онда қазақ халқының өнері мен мәдениеті, сондай-ақ қазіргі замандағы технологиялық жетістіктер көрініс тапты. Байқаудың ашылу рәсімінде сөз алған облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Салтанат Дауысбекқызы өзінің құттықтауында: «Қазіргі кезең – технология қарыштап дамыған, ақпарат алмасу жылдамдығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен уақыт. Интернет, әлеуметтік желілер мен түрлі цифрлық платформалар қоғамдағы пікір қалыптастырудың негізгі құралына айналып, сөздің құндылығы, оның жауапкершілігі мен мәдениеті бұрынғыдан да маңызды бола түсті. Өйткені сөз тек ақпарат жеткізудің құралы емес. Сөз – ұлттың жаны, халықтың рухани айнасы», – деп атап өтті.
    Бұдан кейін алдын ала іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен жеңімпаздар Қарасай ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Атап айтқанда, Ұлтусын Амангелдіқызы мен Әбдірахман Серікұлы «Тілдарын» номинациясын иеленді. Цифрлық дәуірде іскерлік ортаның тілдік мәдениетін дамытуға үлес қосқан кәсіп­кер Елдос Мұқатаев «Тіл тазалы­ғы­ның тірегі» атанды. Мемлекет­тік тілдің мәртебесін биіктетіп, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған Кемелхан Таңат «Мемлекеттік тіл – бизнесте», тіл тазалығын ту етіп жүрген Нұрдиновтер отбасы «Мемлекеттік тіл – мерейім», желідегі жарқын дауыс пен қазақ тілді контенттің дамуына қосқан ерекше серпіні үшін журналистер мен блогерлер атынан Сәуле Қожақызы «Жаңа дәуір үні»,  ауыл халқы арасында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, тіл мәртебесін асқақтатқан Қарасай ауданының білім бөлімі (меңгерушісі Әсел Әбілеқызы) «Тілге қызмет – елге қызмет», мемлекеттік тілдегі іс қағаздарын жүргізудің жоғары мәдениетін қалып­тастырып, құжаттама сала­сында кәсіби шеберлік көрсеткен Дина Малғаждарқызы «Құжат шебері – тіл зергері» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды.
    Марапаттау рәсімінен кейін сахнаға ақын әрі тіл зерттеушісі Серік Қалиевтің жары Пернегүл Сабырбекқызы шақы­рылып, облыс әкімінің қолдауы­мен жарық көрген «Мақал-мәтел мағы­налары» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Шара барысында «Мақал – сөздің маржаны» атты мақал-мәтел байқауы ұйымдастырылды. Бұл бәсекенің мақсаты – мемлекеттік тілді цифрлық дәуірде дамыту, ұлттық тәрбиені арттыру, жастардың ой-пікірін қалып­тастыру, адал азамат тәрбиелеу.
    Байқау қорытындысы бойынша үшінші орынды – Әсия Әділбек, екінші орынды – Балғын Жантаева, бірінші орынды – Асыл Өтепберген, ал бас жүлдені Серік Хамза жеңіп алып, арнайы дипломмен бірге ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
    Цифрлық кеңістіктегі тіл мәдениеті мен сөздің қуатын сездіретін бұл игі шара бұдан әрі Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында жалғасады.
    Қуат Қайранбаев
    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Қызу еңбекке кірісті
    06.04.2026
    90 жылдыққа – 9000 ағаш!
    06.04.2026
    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНДТЕРМЕН ТАНЫСТЫ
    06.04.2026
    Аймақ абыройын асырды
    06.04.2026
    Жерлестер жеңіс тұғырында
    06.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>