Алматы облысы әкімінің өкімімен Дәулет Шайтұрсын облыстық балалар құқықтарын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл басқарма биыл 11 наурызда Мемлекет басшысының балаларды қорғау жүйесін күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес құрылған.
Дәулет Шайтұрсын 1988 жылы туған. Білімі – жоғары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті», Алматыдағы Тұран университетін «Менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Қызылорда Отын» ЖШС директорының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары «АБК-Құрылыс» ЖШС директорының бірінші орынбасары, директоры, Қызылорда облыстық филармониясының бас әкімшісі, Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы, «Байқоңыр» ӘКК» ҚБ» АҚ ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бастығы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің маманы, Алматы қаласы әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы, Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. Кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының өңірлік инспекторы болып жұмыс істеді.





