⛅
20°C
Қонаев
Сейсенбі, Сәуір 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «TURǴYNDAR AMANATY» жобасы іске қосылады

    21.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    «TURǴYNDAR AMANATY» жобасы іске қосылады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

      Қонаев  қаласында  «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында ауқымды форум өтті. Іс-шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық  филиалының төрағасы Қуат Байғожаев, басқарма басшылары мен аудан әкімдері, мүлік иелері бірлестіктері және өзге де азаматтар қатысты.

     Аймақтық форумға төрағалық еткен  «AMANAT» партиясы Алматы облыстық  филиалының төрағасы Қуат Сұлтанұлы  алқалы жиын өңірдегі түрлі сала өкілдерінің басын қосып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша конструктивті диалог орнатуға және нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ал аймақ басшысы Марат Елеусізұлы  аталған жобаның көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару  мен  азаматтардың тұрмысын қолайлы етуге тікелей ықпал ететінін айтып, бұл ретте билік пен меншік иелері арасында тұрақты диалог орнату қажет екенін жеткізді.

    –  «Жауапкершілік. Сенім. Нәтиже» ұғымдары бірінің мағынасын бірі толықтыратын терең байланыс.  Ең алдымен, жауапкершілік – әр адамның өз міндетін дұрыс әрі адал атқаруы. Бұл тек жалпы түсінік емес, нақты іс-әрекет: тұрғындар – тазалық пен тәртіпті, ортақ мүлікті сақтайды, заңбұзушылықты көрсе, тиісті органдарға хабарлайды, ал басқарушы ұйымдар – үйдің техникалық жағдайын қамтамасыз етіп, қызмет сапасына жауап береді, полиция қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Әркім өз рөлін орындағанда ғана жүйе жұмыс істейді, – деген облыс басшысы тұрғындардың  белсенділік танытып,  жаңа  жоба мен  тұрғын-үй құрылысы  саласының  дамуына  үлес қосуға шақырды.

    Форумға қатысқан партия хатшысы Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, былтыр «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға енгізілген өзгерістер көпқабатты үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге тың серпін берді. Атап айтқанда, үш деңгейлі бюджет жүйесі, мүлік иелері бірлестіктерінің және басқарушы, сервистік компаниялардың қызметі нақтыланып, олардың өзара іс-қимылы айқындалды. Бүгінде еліміз бойынша 20 мыңнан астам МИБ мен ПИК бірлестігі жұмыс істейді. Ал көппәтерлі тұрғын үй саны 2,5 миллионға жуық.

    «Біздің ортақ мақсатымыз – әрбір Алматы облысының тұрғыны үшін қауіпсіз, қолайлы және сапалы баспана ортасын құру. Алматы облысында барлығы 2 361 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 2 209 үйде кондоминиум объектісі ретінде тіркелсе, қалған 622 тұрғын үй коммуналдық меншікте. Бұл өз кезегінде мүлік иелері бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтері жұмысының тиімділігін арттыруды талап етеді. Бүгінгі мақсат – осы пилоттық жобаны талқылап, алдағы бірлескен жұмысымыздың басым бағыттарын айқындау» – деді Ержан Жылқыбаев.

    Сала мамандарының  пікірінше, әр өңірдегі мүлік иелері бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтері қызметінде өзіндік мәселелер бар. Сондықтан оларды жүйелеп, орталық деңгейде талқылау маңызды.

    – Бүгінде «TURǴYNDAR AMANATY» жобасына қатысты ұсыныстар жинақталып, алдағы уақытта республикалық деңгейде кеңейтілген жиын өткізу жоспарланып отыр. Жиында заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаса, тиісті шешімдер қабылданады. Ал жергілікті деңгейде шешілуі тиіс мәселелер өңір әкімдіктерімен бірлесіп қаралады. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы түйткілдерді жедел әрі тиімді шешуге мүмкіндік береді, – деді Парламент Мәжілісінің депутаты  Болат Керімбек.

    Форум аясында облыс  әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев өңірдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту және көппәтерлі үйлерді басқаруды жетілдіру бағытындағы жұмыстар  жайын баяндады. Ғани  Айдарұлының айтуынша, облыс көлемінде 147 кондоминиум басқару нысаны тіркелген. Оның ішінде, тікелей бірлескен басқарудағы  27 көпқабатты тұрғын үй, 74 мүлік иелерінің бірлестігі және 46 пәтер иелерінің  кооперативі бар.  2022-2026 жылдары тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 1141 отбасы «Отбасы Банк» АҚ арқылы жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үйге қол жеткізген. 2024-2025 жылдары облыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ауқымды жұмыстар атқарылған. Көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жаңарту бағытында 128 тұрғын үйде күрделі жөндеу жүргізілген.  Өз кезегінде  Ғани Майлыбаев өңірде тұрғын үйді басқару жүйесінде кейбір кемшіліктердің бар екенін, оны шешу үшін заңнамалық нормаларды тұрақты түсіндіру, кәсіби басқарушыларды дамыту мен  тиімді бақылау тетіктерін жетілдіру керек екенін алға тартты.

    Форум барысында облыстық  полиция департаментінің бастығы  Мейрам Әбікеев тұрғындардың тыныштығын сақтау мақсатында учаскелік полиция инспекторларының пәтер иелері кооперативтерімен және мүлік иелері бірлестіктерімен бірлесіп жұмыс істеп келе жатқанын жеткізді.

    Жиын қорытындысында қатысушылар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы реформалардың дұрыс бағытта жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Алайда бұл бағытта жүйелі жұмыс пен барлық тараптың белсенді қатысуы қажет екеніне тоқталды. Үйлерді тиімді басқару тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, сонымен бірге тұрғындардың да ортақ жауапкершілігі екені баса айтылды.

    Ерзат АСЫЛ

     

    1 of 3
    - +

    1.

    2.

    3.

    Соңғы жаңалықтар

    «TURǴYNDAR AMANATY» жобасы іске қосылады
    21.04.2026
    Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
    21.04.2026
    В каких случаях пенсионные выплаты за счет добровольных пенсионных взносов назначаются автоматически
    21.04.2026
    Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады
    21.04.2026
    ҚАМҚОР ҰСТАЗ, ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР
    21.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>