☀️
23°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ТҰРАН ОДАҒЫ

    жаңа дәуір жобасына айнала ма?

    03.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    ТҰРАН ОДАҒЫ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет атанғанына 35 жыл болған қазақ елі шексіз-шетсіз мұхиттағы алып кемелердің арасында желкенін енді ғана жайып, даму жолынан жаңылыспай, жарқын болашақты бетке ұстап, сүрінусіз келе жатыр. Екі жағымыздағы екі алып мемлекеттің біреуі қаруымен қорқытса, екіншісі қаржысын төгіп, жұтып қоюға бейілді екенін аңғартуда. Осындай қауіп-қатердің алдында қандай әрекет жасау қерек, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арпалысып, бізге аманаттап кеткен Тәуелсіздікті сақтап қалудың жолы қандай деген сауал әркімді де мазалауы ықтимал. Осындайда өткен ғасырдан бері өзектілігін жоғалтпай келе жатқан Тұран одағы үміт білтесін үрлегендей әсер қалдыратыны бар. Осы жолы біз 2009 жылы құрылған Түркі мемлекеттері ұйымы, ел аузында Тұран одағы аталып кеткен бейресми бірлестік жайлы өткен мен бүгінге шолу жасап, болашағын болжауға тырыстық.

    Тұран одағы тақырыбы қазіргі заманның геосаяси және мәдени контекстінде өте өзекті. Бұл тақырыпты әртүрлі аспектіде, тарихи, мәдени, саяси және әлеуметтану тұрғысынан қарастыруға болады. Тұран одағы дегенде, жалпы, түркітілдес халықтар мен мемлекеттердің бірлестігі туралы ойлар алдымен ойға оралады. «Тұран» сөзі ежелгі түркі тілдерінен шыққан, «дала», «жазық» немесе «қазандық» деген мағыналарды білдіреді. Түркі халықтарының тарихи ескерткіштерінде, әсіресе Орта Азия мен Қазақстан жерінде бұл термин бүгінге дейін кеңінен қолданылады. Кейбір зерттеушілер бұл атаудың парсы тілінен алынғанын айтып жүр. Онда Тұран аймағы қазіргі Иранның солтүстік шығысында орналасқан елдердің атауы ретінде қолданылған көрінеді. Тұранның көне тарихы мен мәдениеті, әсіресе Түркі империясының, Ғұндар мен Сақтардың дамуымен байланысты. Мұнда бірегей түркі мәдениетінің қалыптасуы мен өркендеуі орын алған. Орта Азия, Қазақстан, қазіргі Түркия, Иран және басқа да түркітілдес халықтардың мекендеген аумақтарында Тұран мемлекеті деп аталатын нақты бір саяси құрылым болмағанымен, Тұран сөзінің тарихи ауқымы өте кең.
    Ғұндар мен Сақтар – Тұран айма­ғында ерте орта ғасырларда өмір сүрген халықтар. Олар әлемдік тарихқа өз ықпалын тигізді. VI ғасырда Түркі қағанатының құрылуы да Тұранның тарихында маңызды орын алады. Ол мемлекеттің территориясы Тұран аймағын қамтиды. Бұл аймақ Ұлы Жібек жолының маңызды бөлігі болған, сауда мен мәдениет алмасу орталығы ретінде белгілі. Қараханидтер, Селжұқтар мен Әмір Темір кезеңдерінде Тұран аймағында түрлі түркі мемлекеттері гүлденіп, орта ғасырдағы қуатты империяларды құрды. Түркі жұрты Тұран аймағымен тығыз байланыста болған. Түркі халқының көптеген ру-тайпалары осы аймақты мекендеген және көптеген мәдениет пен саясаттың дамуына ықпал етті. Сонымен қатар Түркі қағанатының құрылуы Тұран тарихында маңызды кезең болды, өйткені бұл қағанат Тұран жерін өз билігіне қосып, аймақтағы билікті ұстап тұрды.
    Қорыта айтқанда, Тұран – тарихи тұрғыдан Орта Азия мен оның айналасындағы аумақты қамтитын аймақтың атауы. Тұран одағы туралы идеялар негізінен түркі халықтарының ортақ мәдениетін, тілін және тарихи сабақтастығын нығайту, олардың саяси бірігуін көздейтін тұжырымдамаларға негізделеді. Тұран аймағына қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Әзербайжан және басқа да түркітілдес мемлекеттер кіреді. Тұран одағының идеясын алғаш рет түркі халықтарының ортақ мәдениетінің және саяси бірлігінің қажеттілігін түсініп, түрлі елдердің интеллигенциясы мен көшбасшылары көтерген. Бұл идеяның тарихи негізі – түркі халықтарының ортақ тарихы, түркі империяларының мұрасы мен мәдени байланыстары. Түркітектес халықтар туралы айтқанда бүгіндері біз Түркияны ауызға алмай өте алмайтынымыз белгілі. Осы орайда түркі мемлекеттерінің ортақ бірлестігін құру жайлы идеялар ертеден бар екенін ескерген жөн. Солардың бірі тарихта «пантюркизм» деген атаумен сақталған. Пантюркизм сөзі түрік тілдеріндегі «пан» (барлық) және «түрік» сөздерінен шыққан. Бұл термин барлық түркі халықтарының бірлігі мен олардың саяси, мәдени, және этникалық біртұтастығын қолдайтын идеологияны білдіреді. Пантюркизмнің негізгі мақ­саты – түркі халықтарының біртұтас мемлекет құру, немесе түркілердің мүддесін халықаралық аренада қорғау.
    Пантюркизм идеясы ХІХ ғасырдың аяғында және ХХ ғасырдың басында пайда болды. Бұл, әсіресе Осман импе­риясы мен Ресей империясында түркі халықтарының ұлт-азаттық қозға­лыстарының өршуіне байланысты орын алды. Осман империясы әлсіреген кезде, түркі халықтары өздерінің ұлттық егемендігін алу үшін бірігу қажеттілігі туралы ойлады. Бұл идея әсіресе түрік интеллигенциясы мен саяси көшбасшылар арасында танымал болды. Сонымен, Осман империясы мен Ресей империясындағы түркі халықтары өздерінің ұлттық бостандығын алу үшін күресті. Ресейде түркілердің, атап айтқанда, қазақтар мен өзбектердің ұлттық тәуелсіздік қозғалыстары пайда болды. Ал Осман империясы ішінде түріктер мен басқа түркі этностарының бірігуі идеясы күш алды.
    Түркі халықтары арасында ортақ тілдік және мәдени негіздер бар екені әркімге аян. Бұл олардың өзара түсінісуін және бір-біріне жақын болуын жеңілдетті, ол өз кезегінде саяси ынтымақтастыққа ұласты. ХІХ ғасырда Батыс империялары ықпалының артуы және Ресей империясының түркі халықтарына қарсы жүргізген саясаттары пантюркизмнің дамуына бірден-бір түрткі болғаны анық. Түркі әлемінің бірлігіне ұмтылу осы елдердің сыртқы ықпалына қарсы тұру ретінде көрініс тапты.Пантюркизмнің идеясы түрлі түркі халықтарының саяси бірлігін құруға бағытталды. Бұл идея ХХ ғасырдың басында түркі халықтары арасында кең таралды, бірақ көптеген геосаяси кедергілер мен ішкі келіспеушіліктердің нәтижесінде толық жүзеге аспады.
    Осман империясының ыдырауымен түркілердің ұлттық мемлекет құру идеясы Түркия Республикасының құрылуына алып келді. Сонымен бірге пантюркизмнің идеологиясы Түркияның сыртқы саясатын және түркі әлемімен қарым-қатынасын айқындауға әсер етті. Түркі халықтарының тәуелсіз мемлекеттер құру идеясы, әсіресе Түрік Республикасының, Қазақстанның, Өзбекстанның, Түрікменстанның, Қырғызстанның және Әзербайжанның тәуелсіздігін алуымен шындыққа ай­налды. Бірақ бұл мемлекеттердің бірігуі туралы ойлар толықтай жүзеге аспай, идея ретінде қалықтауда. Пантюркизм идеясы кейде аймақтағы геосаяси шиеленістер­ге себеп болды. Мысалы, Ресейдің пан­тюр­кистік қозғалыстарға қарсылығы мен оған қарсы саясат жүргізуі түркі халықтары арасындағы мәдени, тілдік және саяси байланыстарды қиында­тып жібергені аға ұрпақ жақсы біледі. Деген­мен аталған идеяның әр кезеңде де өзекті болғанын байқаймыз. Түркітектес халықтардың зиялылары бұл жобаны үнемі назарда ұстап, оның болашағы туралы кеңесіп отырғаны тарихтан белгілі. Соның бір айғағы 1926 жылы Бакуде өткен түркітілдес мемлекет­тердің жиыны десек қателеспейміз. Бұл жиын түркологтардың ІІІ Бүкілодақ­тық конгресі немесе түркітілдес ха­лықтардың конференциясы ретінде тарихқа енген. Жиынға Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан делега­циясы қатысқан. Бакуде өткен жиын­ның басты мақсаты – түркітілдес халықтар арасындағы мәдени және ғылыми байланыстарды нығайту, түркі тілінің біртұтастығын сақтау, ортақ мәселелерді шешу, сондай-ақ ұлттық тәуелсіздікті нығайту үшін ынтымақтастық жасау болды. Бұл жиынға Қазақстан делегациясының басшысы ретінде ҚазАССР халық ағарту комиссары болған Ахмет Байтұрсынов қатысқан болатын. Ол жиында баяндама жасап, қазақ халқының мәдениетін, тілін, білім саласындағы мәселелерді көтерді. Оның баяндамасында қазақ тілінің жазуы, ұлттық мәдениет мәселелері және түркі халықтарының арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы жөнінде айтылды.
    Бүгіндері біз көріп жүрген ТҮРКСОЙ идеясын алғашқылардың бірі болып көтерген тұлға Ахмет Байтұрсынов болғанын жұртшылық біле бермейді. Ол түркі халықтарының тілдері мен мәдениетінің біртұтастығын сақтауды және оларды дамыту үшін ортақ жол табуды ұсынды. Сонымен қатар осы идеяны жүзеге асыру үшін Баку конференциясы сияқты халықаралық жиындардың маңызы зор екенін жеткізді.
    Пантюркизм мен Тәуелсіздік идеясы кейіннен сол жиынға қатысқан зиялы­лардың барлығы үшін өлім жазасы болып оралғанын тарихтан білеміз. Қазақстанда Ахмет Байтұрсынов бастаған қазақ делегациясының өкілдері кейіннен әртүрлі саяси қиындыққа тап болды. Қазақстандағы Кеңес репрессиялары, 1930-40 жылдардағы саяси қуғын-сүргіндер кезінде көптеген түркі зиялылары қудаланып, тұтқындалды немесе ату жазасына кесілді. Ахмет Байтұрсынов та 1937 жылы ұсталып, ату жазасына кесілді. Бүгінгі ТҮРКСОЙ ұйымы – түркі тілдес елдердің мәдениетін, өнерін және ғылымын дамытуды мақсат тұтатын халықаралық ұйым. ТҮРКСОЙ-дың басты мақсаты бүгінде барлық түркітілдес халықтардың ортақ мәдени мұрасын сақтау және дамыту, бір-бірімен тығыз байланыс орнату.
    Қазіргі заман тұрғысынан ал­ғанда, Тұран одағы тақырыбы түркі халықтарының саяси, эконо­микалық және мәдени тұрғыдан бірігуі, ықпалдастығы туралы сөз қозғауды деңгейінде қалып отыр. Бұл жағдайда бірнеше аспектілерді атап өтуге болады. Бірінші, саяси ықпалдастық қажет. Тұран одағының жаңа дәуірдегі маңызы – түркі мемлекеттерінің бір-бірімен саяси байланысын нығайту, ортақ қауіптерге қарсы бірлесіп тұру. Бұл экономикалық, әскери және саяси ынтымақтастықты күшейтуге бағытталуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және басқа да түркітілдес елдер арасында саяси диалогты күшейту, ортақ сыртқы саясатты қалыптастыру. Екінші, экономикалық байланыс нығайғаны жөн. Түркі елдері арасындағы сауда, инвестициялар, технологиялар және инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық. Біріккен экономикалық кеңістікті қалыптастыру, ортақ нарық құру сияқты идеялар да қарастырылуы мүмкін. Үшінші мәдени ынтымақтастыққа баса мән берген маңызды. Түркі әлемінің мәдени мұрасын сақтау және оны жаңғырту, ортақ мәдени жобаларды жүзеге асыру. Бұл бағытта білім, ғылым, өнер және туризм салаларында ынтымақтастық күшейе түсуі қажет. Тіл, әдебиет, музыка және басқа мәдениеттің ортақ белгілерін насихаттау өзекті. Бұдан бөлек, технологиялық ынтымақтастыққа көңіл аудару керек.
    Жаңа дәуірде Тұран одағының жүзеге асуы үшін бірқатар мүмкіндік пен қиындықтар да бар. Атап айтқанда, әлемдік саясаттағы өзгерістер, геосаяси факторлар әсер етпей қоймайды. Тұран одағының негізгі мақсаттарына түркітілдес мемлекеттер арасында ортақ саяси, экономикалық және мәдени кеңістікті қалыптастыру, әлемдік саясатта түркі мемлекеттерінің орнын нығайту, ортақ қауіптерге қарсы бірлескен қауіпсіздік жүйесін құру, әлемдік экономикадағы түркітілдес елдердің рөлін күшейту, тіл, мәдениет, тарих және білім саласындағы ықпалдастықты нығайту жұмыстары кіреді.
    Қорыта айтқанда, «Тұран одағы» тақырыбы – қазіргі уақытта маңызды әрі күрделі мәселе. Бұл идея – түркітілдес мемлекеттердің бірігуіне мүмкіндік беретін, бірақ сонымен бірге әртүрлі саяси және мәдени ерекшеліктерді ескеруді талап ететін күрделі үрдіс. Тұран одағының дамуы тек түркі ха­лықтарының емес, әлемдік саясаттағы өзгерістерге де әсер етуі мүмкін.
    Тұран одағының аумағы өте кең екені белгілі. Бұл ұйым Орта Азияның үлкен бөлігін, Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және басқа да көптеген аумақты қамтиды. Халық саны да айтарлықтай көп болуы ықтимал. Шамамен 200 миллионнан астам адамды құрайды. Әскери тұрғыда да Тұран одағының қуаты өте жоғары болуы мүмкін. Түркияның НАТО-ға мүше болуы, Қазақстанның әскери күштері, Әзербайжан мен Өзбекстанның тұрақты армиялары, сонымен қатар басқа түркітілдес елдердің күштері бірігіп, айтарлықтай әскери одақ құра алады. Бұл одақ әлемдегі әскери саясатта маңызды рөл атқара алады. Тұран одағының болашағы әлі де талқылануда және нақты нәтижелерді болжау қиын. Алайда бірқатар факторлар оның болашағын оң немесе теріс бағытта әсер етуі мүмкін.
    Атап айтқанда, саяси ерік керек. Тұран одағының құрылуы үшін түркітілдес елдердің саяси еркі мен бірлігі қажет. Егер түркітілдес мемлекеттердің басшылары бір келісімге келе алса Тұран одағын жаңғыртуға айтарлықтай кедергі болмауы керек. Одан кейін әлемдік ықпал маңызға ие. Бұл ұйым әлемдік саясатта маңызды күшке айнала ала ма? Бұл сұрақ әлі де ашық. Экономикалық интеграцияны да айналып өтуге болмайды. Тұран одағының экономикалық тұрғыдан мықты болуы өте маңызды, ал қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің экономикасы әртүрлі деңгейде дамыған. Түйіндей айтқанда, Тұран одағын құру идеясы өте қызықты және түркі әлемі үшін маңызды бола алады. Бірақ оның жүзеге асуы көптеген саяси, экономикалық және әлеуметтік факторларға тәуелді.

    Қуат Қайранбаев

    Соңғы жаңалықтар

    Дала төсі дүбірлі
    03.04.2026
    Шаһарды аралады
    03.04.2026
    Белсенділер марапатталды
    03.04.2026
    Бір отбасы үйлі болды
    03.04.2026
    Ауыл арасын жалғаған
    03.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>