⛅
20°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұстаз бақыты

    11.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Ұстаз бақыты
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Талғар қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы №7 мектеп-лицейінде мұғалімдік қызмет атқарған Әлия Сұлтанбайқызы абыроймен зейнет демалысына шықты. Ол ұстаздық жолында шәкірттерінің бойына біліммен қатар адамгершілік қасиеттерді де сіңіре білді.

    Әлия Сұлтанбайқызы 1964 жылы Нарынқол өңірінде дүниеге келген. Әкесі Сұлтанбай Байсақалов пен анасы Ұлыш Құлпейісова елге сыйлы, парасатты жандар еді. Осындай өнегелі отбасында тәрбиеленген Әлия да білімге құштар болып өседі. 16 жасында Есіктегі педагогикалық училищеге түсіп, аталған оқу орнын 1980 жылы үздіктер қатарында бітіреді. Оның ұстаздық жолы Тегістік ауылындағы М.Мақатаев атындағы орта мектептен басталған. 1985-1986 жылдары Текес ауылындағы «Қызғалдақ» балабақшасында тәрбиеші болды. 1986-2012 жылдары Қайнар орта мектебінде сабақ беріп, 2000-2004 жылдары сырттай білімін жалғастырып, Қазақ қыздар педагогикалық институтын аяқтады. 2012 жылдан бастап Талғар қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беру мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі қызметінде болды. Осы білім ордасынан зейнет демалысына шықты.
    Ұжымдастары да кейіпкеріміз туралы жақсы пікірде. Ардагер-ұстаз, «Ерен еңбегі үшін» медальінің иегері Такура Агильская: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деген ұлы Абайдың сөзі әріптесіміз Әлия Сұлтанбайқызына арналған десем, артық айтқандық емес. Мен мектепке директор болған жылдары Әлия Сұлтанбайқызы туралы бірде бір ата-ананың жаман пікірін естімедім, ол – ұстаздың жұмысты жақсы ұйымдастыра білуінің айғағы», – деп ағынан жарылды. Әріптесі Роза Алимова да осы пікірді ары қарай жалғастырды. «Әлия Байсақалова – өз мамандығының нағыз білгірі, бала жанының бағбаны. Бастауыш сынып оқушыларының сауатын ашуда аянбай еңбек етті. Әлия апайымыз сияқты ұстаздан үйренеріміз көп болды», – деді.
    Отбасы Әлия Сұлтанбайқызының өмірінде ерекше орын алады. Ол 40 жыл бойы өмірлік серігі Марат Ауытбаевпен бақытты отбасын құрып келеді. Алланың берген үш перзентін тәрбиелеп өсірді. Қазіргі таңда екі ұлынан бес немере сүйіп отыр.
    Әлия апайдың шәкірттері мен әріптестері оны тек ұстаз ғана емес, қамқор анадай мейірімді жан деп біледі. Шәкірттері бүгінде білімді, тәрбиелі азаматтар болып қалыптасты. Зейнеткерлікке шықса да, оның еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

    Кәкен АУҒАНБАЕВ

    Соңғы жаңалықтар

    Құрақ көрпе – үйдің сәні
    11.04.2026
    Ерлік пен еңбек жолы
    11.04.2026
    Ұстаз бақыты
    11.04.2026
    Құрдың күй ойнағы
    11.04.2026
    Кітапқа құштарлық
    11.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>