⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Сәуір 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ынтымақтастық нығая түсті

    01.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Ынтымақтастық  нығая түсті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бастаған делегация іссапармен Қытай Халық Республикасына барып, өзара ынтымақтастықты дамыту, бірлескен ірі жобаларды қолға алу бойынша келіссөздер жүргізді. Делегация құрамында облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев, облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Айбар Теменов, басқарма басшылары, аудан әкімдері мен кәсіпкерлер болды.

    Бірнеше күнге созылған жұмыс сапары алдымен «Xinjiang Commercial Logistics (Group) Co., Ltd.» компаниясы жұмысымен танысудан басталды. Сондай-ақ облыс басшысы аталған компания жетекшісі Шэнь Цзиншэнмен кездесті. Аталған ком­пания сауда және логистика сала­сында зор әлеуетке ие. «Бір белдеу – бір жол» бастамасын жүзеге асыруға үлкен үлес қосып келеді.
    Кездесуде екіжақты сауда-эконо­микалық байланыс, транспорттық-логистикалық инфрақұрылым, ха­лықара­лық тасымалдау, логистиканы цифр­ландыру және агроөнеркәсіп өнімдерін экспорттау мәселелері тал­қыланды.
    Марат Елеусізұлы компанияның қарқынды дамуын жоғары бағалай­тынын атап өтті. Алматы облысы Қытай мен Орта Азия арасындағы негізгі транспорт жолдарының қиылы­сында орналасқанына, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы үшін стратегиялық маңызды серіктес екеніне тоқталды.
    – Достық қарым-қатынастың арқа­сында Қазақстан, оның ішінде Алматы облысы мен Қытай елі арасындағы тауар айналымы жылдағы дәстүрге сай жоғары деңгейін сақтап келеді. Соңғы үш жылда оның көлемі тұрақты түрде 1 млрд АҚШ долларынан асты. Бүгінгі таңда облыста Қытай капиталының қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Біз сауда-экономикалық байланысты әрі қарай нығайтуға үлкен мән береміз, – деген аймақ басшысы екіжақты байланыс­тың маңызды бағыттарына тоқталды. Айтуынша, ең алдымен транспорттық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту маңызды. Бұл бағытта Алматы облысында заманауи логистикалық орталықтар, қойма кешендері мен мультимодальды хабтар құру көзделіп отыр. Сонымен қатар халықаралық тасымалдау саласындағы байланысты арттыруға басымдық берілді. Атап айтқанда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағытындағы маршруттарды дамыту, құрғақ порттар мен шекарадағы өткізу пункттерінің мүмкіндігін тиім­ді пайдалану арқылы транзиттік әлеуетті арттыру жоспарланған. Одан бөлек, логистиканы цифрландыру, яғни заманауи технологиялар мен платформаларды енгізу арқылы жүк тасымалдауды басқару және электрон­ды сауданы дамыту да негізгі міндеттердің бірі ретінде қарастырылды.
    Аймақ басшысы Алматы облысы Қазақстандағы ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі екенін айтты. Экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай және халықаралық нарыққа шығару үшін компанияның логистикалық және сауда мүмкіндігін пайдалануға мүдделі екенін жеткізді.


    Облыс делегациясы «Xinjiang Commercial Logistics (Group) Co., Ltd.» компаниясының еншілес төрт кәсіпорнының жай-күйіне қанық болды. Оның құрамына жоғары техноло­гиялық жабдықтармен айналысатын «Xinjiang Machinery Research Institute Co., Ltd.», жеміс-жидек пен орман өнімдерін шығаратын «Xinjiang Fruit Industry Group», сапа стандарттары мен өнеркәсіптік сараптаманы жүр­гізетін «Xinjiang Standard Testing and Certification Company Limited», сондай-ақ халықаралық құрлық порт логистикасы бағытында жұмыс істейтін Шыңжаң компаниясы кіреді.
    Кездесу нәтижесінде халықаралық тасымалдау саласында Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі «Atasu Group» пен Шыңжаң халықаралық құрлық порт компаниясы құны 270 млн доллар тұратын меморандумға қол қойды. Бұл бірлескен жобаларды іске асыруға, ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға жол ашады.
    Іссапардың екінші күні Шыңжаң-Ұйғыр автономиясында білім алып жатқан студенттермен жүздесу ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында облыс әкімінің қолдауымен екі ел арасындағы меморандум негізінде Шыңжаң университетінде 27 түлек тегін білім алуда. Ал өткен жылы 30 түлектің тізімі ұсынылып, олардың 12-сі грантқа ие болған.
    Марат Елеусізұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төраға­сы Си Цзиньпиннің стратегиялық достығы арқасында екі ел арасындағы ынтымақ­тастық жаңа белеске көтеріл­генін тілге тиек етті. Соның нәтижесінде соңғы жылдары Алматы облысы Қытай Халық Республикасының бірқатар провинцияларымен экономика, инвес­тиция, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағыттарда бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеді. Әсіресе жастардың сапалы білім алуына ерекше көңіл бөлінген.
    – Бүгінде облысымыздың үздік түлектеріне арналған «Алатау дарыны» бағдарламасы іске қосылған. Оның басты мақсаты – дарынды жастарды анықтап, олардың әлемдегі үздік оқу орындарында білім алуына, кәсіби тұрғыда жан-жақты дамуына жол ашу. Бағдарлама мүмкіндігін пайдаланып, ертең елге оралатын білікті мамандардың алғашқы буыны – өздеріңіз. Туған жерде сіздерді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Қазіргі таңда өңірімізде академиялық және ғылыми қалашық қалыптастыру жұмысы жүргізілуде. Жоба аясында еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының және Қытай Халық Республикасының ірі университеттерінің филиалдарын ашу жоспарлануда. Бұл нысандар қытай тілін жетік меңгерген, заманауи технология мен халықаралық менеджментті игерген мамандарды қажет етеді. Сондықтан сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті болу – уақыт талабы, – деді облыс әкімі. Сондай-ақ шетелде оқу үлкен мүмкіндік қана емес, зор жауапкершілік екенін айтып, студенттерге ізгі тілеген арнады.
    Шыңжаң медициналық универси­тетінің 2-курс студенті Інжу Тұражан білім беру сапасы кәсіби тұрғыда дамуына үлкен әсерін тигізіп жат­қанын айтты. «Қытайдың медицина саласында оқыту деңгейі жоғары. Өзім стоматология мамандығының қыр-сырын меңгерудемін. Универ­ситетіміздің материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға сай. Ондағы морфологиялық корпус, заманауи зертханалар, цифрлық кітапхана мен симуляциялық орталық медици­на­ны терең түсінуге көмектеседі. Профес­сор-­оқытушылар құрамы – өз ісінің нағыз білгірлері. Бізге тек теория­­лық білім беріп қана қоймай, оны тәжірибе жүзінде қолдануды үйретті. Халықаралық медицинаның соңғы жетістіктерінен хабардар етті. Қазақстан студенттері ретінде біз өз мәде­ниетімізді, дәстүрімізді таныс­тырып, екі ел арасындағы достық байланысты нығайтуға тырысудамыз», – деді грант иегері.
    Аймақ жастарының әлемнің үздік оқу орындарында білімін жетілдіруіне алдағы уақытта да қолдау көрсетілмек. Биыл 45 талапкерге Шыңжаң, Цинхай, Шаньдун университеттеріне тегін оқу гранты ұсынылып отыр.
    Жұмыс сапары әлі де жалғасуда. Алдағы уақытта облыс пен Шэньси про­вин­циясы арасында маңызды шешім­дер қабылданады. Шэньси про­вин­циясы парткомының хатшысы Чжао Идэмен кездесу жоспарланған. Сондай-ақ Сиань қаласында «Бір белдеу – бір жол: Алматы облысы – Шэньси провинциясы» атты форум өткізіліп, сауда және гуманитарлық сала бойынша бірқатар маңызды меморандумға қол қойылмақ.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

    Соңғы жаңалықтар

    Саябақ салынады
    01.04.2026
    Татулығы жарасқан
    01.04.2026
    Есірткіге жол жоқ!
    01.04.2026
    Қазақ тіліндегі корей оқулығы
    01.04.2026
    Мемлекеттік қызметкерлерге арналған маңызды семинар өтті
    01.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>