⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Сәуір 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жамбылдықтармен жүздесті

    23.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Жамбылдықтармен жүздесті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданына жасаған сапарында аймақтың өндірістік әлеуетін танытатын кәсіпорынның жұмысымен танысты. Сондай-ақ аудан әкімінің жұртшылықпен кездесуіне қатысып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысы сараланған жиында жамбылдықтардың өтініш-тілектеріне құлақ асты.
    Аймақ басшысы алдымен Үңгіртас ауылындағы «Plast Invest Production» ЖШС-нің пластикалық құбырлар шығаратын зауытына барды. Шалғай ауылдағы өндіріс орнының жұмысымен аталған серіктестіктің бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Өмірғали Шпекбаев таныстырды. Бұл кәсіпорында сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, кәріз және дренаж жүйелеріне арналған полиэтилен құбырлары өндіріледі. Сонымен қатар муфталар, сегментті бұрмалар, сондай-ақ тағамдық мақсаттағы полиэтилен бөшкелері шығарылады. Қазіргі кезде мұнда 84 адам жұмыс істейді. Цехтарды аралап, өндіріс үрдісімен танысып шыққаннан кейін зауыт басшылығы облыс әкіміне табиғи газға қосылу, осы маңдағы жолды жөндеу сияқты бірнеше мәселе туындап тұрғанын жеткізді.
             Одан кейін Марат Елеусізұлы Ұзынағаш ауылындағы Мәдениет үйінде өткен тұрғындармен жиынға қатысты. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы жоба-жоспарлармен таныстырды.
            Ол өз баяндамасында 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасында көзделген негізгі көрсеткіштер толық көлемде орындалып, өткен жылмен салыстырғанда оң өсім динамикасы сақталғанын атап өтті. Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер көлемі 32,9 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,1 млрд теңгеге немесе 23,0 пайызға өскенін айтты.  Аудан экономикасының даму негізі – ауыл шаруашылығы саласы. Бұл аумақтың табиғи-климаттық жағдайы мен жер ресурстары ауыл шаруашылығы өндірісін, сонымен қатар өнеркәсіпті дамытуға қолайлы мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 86,4 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 103,3%-ға орындалған. Мал шаруашылығының негізгі өнімдерінің өндірісі бойынша тірі салмақтағы мал мен құс еті 22 мың  560 тонна немесе 8,4%-ға, сүт 36 мың 895 тонна немесе 10,0%-ға артық орындалып, өсім қарқыны сақталғанын жеткізді.
              Айтуынша, ауданда  қой мен ешкі 1 млн 94 мың баспен 9,0 пайызға, жылқы 53 мың 118 баспен 5,5 пайызға, ірі қара малы 101 мың 764 баспен 1,7 пайызға, түйе 1 мың 558 баспен 12,1 пайызға, құс 576 мың 536 баспен 2,7 пайызға артқанын алға тартты. 2025 жылы 104 мың 736 гектар егіс алқабынан жалпы 106 мың тонна өнім жиналып, өсімдік шаруашылығының өнім көлемі 31,7 млрд теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 106,9% құрады. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 106 мың 436 гектарға жеткізу жоспарлануда, өткен жылға қарағанда 1 мың 700 гектарға арттырылды.
                Егін шаруашылығында жаңа технологиялар мен инновациялық әдістерді енгізу аясында су үнемдеу технологияларын 6 мың 540 гектар алқапқа енгізу көзделген. Бүгінгі күнге 4 мың 200 гектары қамтылды. Ерекше атап өтетін жайт — жайылымдық алқаптарды су үнемдеу технологияларымен жабдықтау нәтижесінде биыл суармалы егістік көлемі 1 мың 400 гектарға ұлғайтылуда.     
           Мемлекет тарапынан 6 пайыздық жеңілдетілген несие беру сияқты қолдау шараларының арқасында, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту нәтижесінде соңғы екі жылда аудандағы тозған техникалар үлесі 80%-дан 25,7%-ға дейін төмендетілді.
    Ауылдарда кіші өнеркәсіптік аймақтарды құру жоспары бойынша 170 гектар жер белгіленіп, «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына  ұсынылды. Одан бөлек, жеке кәсіпкер өз жер теліміне қосымша 170 гектарға өнеркәсіптік аймақ құруға қызығушылық танытуда.
          Ауылдық аумақтарды тиімді жоспарлау және жер ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында функционалдық аймақтарға бөлу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен тиісті қаражат қарастырылды. Осыған байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалымен келісімшарт жасалды.
            Ауданда жалпы құны 1 трлн 80 млрд теңгені құрайтын 24 инвестициялық жобаны 2029 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланған. Нәтижесінде 10 мың 500 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Ал осы жылдың соңына дейін 118 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Оның ішінде жеке инвестиция 88 млрд теңге, бюджеттік инвестиция – 30,0млрд теңге.
            Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 42,0 млрд теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 100,7% құрады. Ал биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 9,3 млрд теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 112,9%-ды көрсетті.
              Бөлшек тауар айналымының көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 34,4 млрд теңгені құрады. Бірінші тоқсанда нақты орындалғаны 6,0 млрд теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 800 млн теңгеге артып, нақты көлем индексі 104,7 % болды.
             Аудан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды бағыттарының бірі – шағын және орта бизнес. Бүгінде бұл салада 13479 нысанда 23 867 адам жұмыс атқарады.
          Шағын және орта бизнес саласынан түсетін салық түсімдері жергілікті бюджеттің 30%-ын құрайды.
              «Бір ауыл – бір жоба» аясында 2025 жылы жалпы құны 3,1 млрд теңгені құрайтын 53 жоба 13 елдімекенде жүзеге асырылды. Нәтижесінде 226 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
     2026 жылы жалпы құны 3 млрд теңгені құрайтын, 4 елдімекенде 11 жоба жүзеге асырылып, 203 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
    Ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында және жаңа жұмыс орындарын  ашуға, жұмыссыздықты азайтуға жалпы жер көлемі 2165 гектарды құрайтын 3 индустриялық аймақ құрылды. Олар – «Қазыбек бек» – 900 га, «Қазыбек бек 2» – 865 га және «Үлкен» – 400 га. 
    Нұрлан Ертасұлы осылайша әрбір салаға жеке-жеке тоқталып, істің барысын барынша тарқата баяндады. Ауданда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы белсенді өтуде. Тұрғындар, еріктілер, жастар және мекеме қызметкерлері бірлесіп сенбілік ұйымдастырып, көшелер, аулалар мен қоғамдық орындарды тазалауда. Акция аясында өзен-көл жағалаулары тазартылып, ағаш отырғызылды. Игі бастама алдағы уақытта да жалғасады.
            «Алдымызда тұрған міндеттер мен мақсаттар – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беретін ауқымды жұмыстарды қамтиды. Бұл міндеттерді сапалы әрі уақтылы орындау үшін ауданымыздың әлеуеті де, ресурстары да жеткілікті. Әрбір қолға алынған іс-шараның түпкі нәтижесі – халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы мен өмір сапасының артуына бағытталған. Сондықтан алдағы жұмыстарды нақты жоспарға сәйкес жүзеге асырып, белгілі межеге қол жеткізуге сендіреміз», – деді аудан әкімі Нұрлан Ертас.
    Бұдан соң тұрғындар тарапынан бірнеше сұрақ қойылып, оған облыс және аудан басшылары жан-жақты жауап беріп, көтерілген мәселенің мән-жайын түсіндірді.
    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мұның алдында халықтан түскен өтініштердің орындалу барысымен таныстырып, халықтың өмір сапасын жақсарту, өңірдің әлеуетін арттыру мақсатында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстан хабардар етті. Тұрғындармен жиын барысында халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударылып, шешу жолдары айқындалды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ
    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Чернобыль апатына – 40 жыл: Қонаевта еске алу шарасы өтті
    23.04.2026
    Жамбылдықтармен жүздесті
    23.04.2026
    Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнімен құттықтады
    23.04.2026
    Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала
    23.04.2026
    Ойшыл болғыңыз келсе, кітап оқыңыз
    23.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>