⛅
21°C
Қонаев
Жұма, Мамыр 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жанға жайлы саябақ

    30.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Жанға жайлы саябақ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Балқаш ауданының Бірлік ауылында көптен күткен жаңа саябақ ашылып, ауыл жұртын шаттыққа бөледі. Саябақтың ашылу  салтанатына Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов,  аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, Алматы облысының және Балқаш ауданының Құрметті азаматы Сайран Смағұлов қатысып, тұрғындар қуанышын бөлісті.

    Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген аудан басшысы Азат Үкітайұлы:

    – Былтырғы жылы құрылыс жұмыстары басталған саябақ бүгінде халық игілігіне пайдалануға берілгелі отыр. Бұл орын алдыңғы буын ағаларымыздың, ардагерлеріміз бен ата-апаларымыздың бір мезгіл келіп, тынығатын орнына айналмақ. Бақ дарыған Балқаш ауданында дәл осындай көптеген игі істер қолға алынып, жүзеге асырылуда. Оның ішінде бірқатар нысандар пайдалануға беріліп жатыр.

    Саябақты әрбір азамат күтіп ұстауға атсалысуы қажет. Өздеріңіз жақсы білесіздер, қазір Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ауылдарды, елдімекендерді көркейтуге және көгалдандыруға бағытталған игі шаралар атқарылуда. Осы орайда бұл саябақты келешекте күтіп ұстау мен балалардың әткеншектер, спорттық қондырғыларға ұқыпты қарауын қамтамасыз ету сіздердің еншілеріңізде, – деді.

    Бұдан соң аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын жаңа саябақтың ашылуымен құттықтап, өңірде атқарылып жатқан осындай игі істерге мұрындық болып жүрген аудан әкімі Азат Үкітайұлына алғысын айтты. Ауылға кірген бетте әсем саябақты көріп, ерекше күйге бөленгенін де ерекше толқыныспен жеткізді.

    Мерекелік шара барысында ауыл өнерпаздары да өнерлерін паш етті. Бишілер мың бұрала би билесе, домбырамен әуелете ән салған өнерлі өрендер жиналған көпшіліктің құлақ құрышын қандырып, кештің көркін қыздырды.

    Қуанышқа толы сәтте Бірлік ауылдық Ақсақалдар алқасының төрағасы Кәркен Анипин жиылған қауымға ақ батасын берді.

    Осыдан кейін Алматы облысының және Балқаш ауданының Құрметті азаматы, ауыл жанашыры Әбдіжаппар Қыстаубаев жылы лебізін білдірді.

    – Бүгін ауылымызда үлкен қуаныш. Бұл көкейде жүрген, баяғыдан бері орындалмай келе жатқан арман еді. Сол арманымыз орындалды. Міне, үлкен саябақ ашылуда. Ендігі кезекте саябақ ішін гүлдендіру, ағаш егу, оны одан сайын көркейте түсу ауыл азаматтарының күтіп–баптауына байланысты, – деді.

    Лента қиылып, ауылдың ақ жаулықты әжелері тәттіден шашу шашты. Құрметті қонақтар мен ауыл халқы саябақ ішін аралап, ондағы түрлі ойын алаңқайлары мен спорттық жаттығулар жасауға арналған құралдарды тамашалады. “Балалы үй – базар” демекші, саябақ ішіндегі әткеншек, сырғанақта жарыса ойнаған бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады.

    Ыбраш Нұрмаханбетов, Бірлік ауылының тұрғыны, зейнеткер:

    – Бүгін, міне көптен күткен қуанышқа куә болып отырмыз. Мен өзім бұл ауылға отбасыммен Қарақалпақстан елінен 2007 жылы қоныс аударғанмын. Содан бері осында тату-тәтті ғұмыр кешудеміз. Бала-шағамыз өсіп-өніп, немерелеріміз бар. Саябақтың ашылғаны барлығымызға қуаныш сыйлады. Бұрын мұнда қаптаған қара ағаштар өсіп тұратын. Ал қазір жаңа саябақ жайқалып, ауылдың сәнін кіргізді. Немерелерімді де осында ойнатуға әкелетін болдым. Өзім де келіп, кешкітұрым уақытта  бір мезгіл таза ауамен тынығамын. Ауыл тұрғындары атынан аудан басшысы Азат Үкітайұлына шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

    Алтынай СЕЙІТКЕН

    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ынтымағы жарасқан
    01.05.2026
    Талғардағы тамаша мереке
    01.05.2026
    Демалыс аймағында экологиялық акция өтті
    01.05.2026
    Бірлік пен спорт үндестігі: Іле ауданында 1 мамырда футбол маусымы ашылды
    01.05.2026
    Қарғалыдағы мереке
    01.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>