☀️
25°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 29, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жемқорлыққа жол жоқ!

    29.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Жемқорлыққа жол жоқ!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қалалық кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша бағдарламалық құжаттардың жобасына негізгі тәсілдерді әзірлеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиев, қоғамдық ұйым өкілдері мен ардагерлер қатысты.

    Шараны ашып, жүргізген Нұрсұлтан Сейдалиев  елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа кезеңге қадам басып отырғанын атап өтті. «Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белгілі бір жетістіктерге жеткенімен, бұл мәселе толық шешімін таппады. Әлі де болса сыбайлас жемқорлықтың көріністері орын алуда. Соның бірі күнделікті өмірде кездестіретін тұрмыстық сыбайлас жемқорлық. Яғни, оған ауруханалардағы, білім ошақтарындағы, жергілікті лицензиялау, полиция және салық органдарындағы парақорлық жатады. Биыл – 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдаманы қорытындылайтын кезең. Осыған байланысты жаңа бағдарламалық құжаттың жобасы әзірленіп жатыр. Бүгінгі басқосу – сол құжаттың мазмұнын нақтылап, сапасын  арттыруға бағытталған маңызды алаң», –  деді ол.

    Жүздесуде Нұрсұлтан Ақылбекұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдірудің басым бағыттарына кеңінен тоқталды. «Біз бүгінде «Әділетті Қазақстан» құру жолында жүйелі реформаларды жүзеге асырып келеміз. Осы ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізінде заң үстемдігі, ашықтық пен есептілік қағидаттары жатуға тиіс. «Заң мен тәртіп» тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның өмірлік ұстанымына айналуы қажет. Алдағы кезеңге арналған құжат жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа бағытын айқындайтын стратегиялық негіз болмақ. Оны әзірлеу барысында қоғам пікірі, сарапшылар ұсыныстары және өңірлердің тәжірибесі міндетті түрде ескерілуге тиіс. Бүгінгі талқылау –  осы бағыттағы маңызды қадам», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиев.

    Жиын барысында қатысушылар еркін пікір алмасып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәуекелдерді азайту және қоғамдық бақылауды күшейту бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу қорытындысында айтылған ұсыныстар алдағы уақытта қабылданатын бағдарламалық құжат жобасын жетілдіруге негіз болатыны атап өтілді.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Баршаға ортақ міндет
    29.04.2026
    QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
    29.04.2026
    Сот өкілдерімен жүздесті
    29.04.2026
    Жемқорлыққа жол жоқ!
    29.04.2026
    Алматы облысында 1171 ұйымда өндірістік кеңес құрылды
    29.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>