☀️
20°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жүрегіңе үңіл, өз-өзіңнен есеп ал!

    02.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Жүрегіңе үңіл, өз-өзіңнен есеп ал!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Рамазан мұсылман қауымы үшін ең қасиетті, ең қастерлі ай екені белгілі. Бұл ай тек аш жүру немесе таңнан кешке дейін ішіп-жеуден тыйылу емес. Рамазан – рухты тәрбиелеу айы, жүректің тазару айы, пенденің Раббысына жақындау айы. Міне, Рамазан айы аяқталғалы да біршама уақыт өтті. Бірақ сол Рамазанда ұстанған қағидаларымызға басқа айларда қаншалықты берікпіз? Біздің көпшілігімізді осы сұрақ қинайтыны рас. Бұл үшін бізге Рамазан айының қадір-қасиетін жете түсініп, тәнімізді ғана ашықтырып қоймай, рухани мол білім жинау да өте маңызды екенін ұғынған абзал.

    Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Сендерге ораза парыз етілді, бұрынғыларға парыз етілгендей. Бәлкім, тақуалыққа жетерсіңдер («Бақара» сүресі, 183-аят)», – деп баяндайды. Демек, оразаның басты мақсаты – тақуалыққа жету, яғни Алланы әр сәтте сезіну, күнәдан сақтану, жүректі тазарту.
    Адам баласының бойында нәпсі бар. Нәпсі адамды ішіп-жеуге, ләззатқа, ашуға, жалқаулыққа итермелеуі мүмкін. Рамазан айында адам осы нәпсісін тәрбиелеуді үйренеді. Аштық пен шөл арқылы сабырды меңгереді. Сабыр – иманның жартысы. Бір ай бойы өзін бақылаған адам рухани тұрғыда шыңдалып шығады. Ораза тек ас-суға ғана емес, жаман сөзден, ғайбаттан, өтіріктен, орынсыз күлкі мен бос әңгімеден де тыйылу екенін ұмытпауымыз керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім жалған сөз бен жаман әрекетті тастамаса, оның ішіп-жеуден тыйылғанына Алланың мұқтаждығы жоқ», – деген. Яғни шынайы ораза – бүкіл болмыспен ұсталған ораза.
    Тағы бір ескеретін дүние, бұл ай – Құран түскен ай. Сондықтан Рамазанда Құран оқудың, тыңдаудың, түсінуге тырысудың сауабы ерекше. Көпшілік мешіттерде тарауық намазы оқылып, Құран хатым етіледі. Бұл – мұсылман жүрегін нұрландыратын, иманын күшейтетін ерекше рухани атмосфера. Құран – жүректің шипасы. Рамазан айында Құранмен жақын болған жан жыл бойы рухани азық алады.
    Рамазан – жомарттық айы. Аштықты сезінген адам жоқ-жітікке жанашыр бола түседі. Пітір садақа беру, ауызашар жасау, мұқтаждарға көмек көрсету – осы айдың көркем амалдары. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Рамазанда ерекше жомарт болатын. Бұл айда жасалған әрбір ізгі іс еселенген сауапқа жазылады. Сондықтан бұл – қайырымдылыққа асығатын мүмкіндік айы. Бұл айда Жаратушының рақымы кеңінен төгіледі. Қадір түні – мың айдан қайырлы түн. Сол түні жасалған құлшылық, жасалған дұға ерекше қабыл болады. Рамазан – өткен күнәларға тәубе етіп, жаңа парақ ашатын мүмкіндік.
    Рамазан – рухтың айы. Бұл дегеніміз – жүрекке үңілу, өз-өзіңе есеп беру, кемшілікті түзеу. Бір ай бойы жасалған құлшылық адамды өзгертпесе, онда ол тек аштық болып қалуы мүмкін. Ал шынайы Рамазан мінезді көркемдейді, жүректі жұмсартады, иманды күшейтеді. Ендеше, Рамазан айындағы осындай көркем дүниелерді, иман байлығымызды басқа айларда да берік ұстана білсек, әдептен, адамгершіліктен, ізгіліктен аттамай, өтірік айту мен өсек-аяңнан аулақ жүрсек, шын мәнінде, өз келбетімізді жоғалтпағанымыз болып есептеледі. Ораза біткені осы екен деп иман байлығымызды әлсіретіп, өз-өзімізді күнәлі іске итермелеп, қайтадан еркінсіп кетсек, онда бұл да бойымыздағы үлкен кемшіліктің бірі әрі дініміз де мұндайды құптамайтынын білген ләзім.

    Қуат ҚАБЫЛҰЛЫ,
    «Ниязбек қажы» мешітінің имамы
    Сүмбе ауылы,
    Райымбек ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Жүрегіңе үңіл, өз-өзіңнен есеп ал!
    02.04.2026
    Өрендерді жетелеп өр биікке!
    02.04.2026
    Халық сүйген дәрігер
    02.04.2026
    Саябақ салынады
    01.04.2026
    Татулығы жарасқан
    01.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>