⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Мамыр 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында дәрі-дәрмек өндірісі артады

    14.05.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алматы облысында дәрі-дәрмек өндірісі артады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-ның директоры Шен Яшар өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Келісім Астана қаласында өткен «Қазақстан – Түркия» бизнес-форумы аясында жасалды. Келіссөз негізінде аталған фармацевтикалық зауытты кеңейту үшін қажетті іс-шаралар айқындалды.
    Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды өндіретін түркиялық компания Іле ауданында орналасқан. Зауытта жылына 24 млн дана дәрі-дәрмек өндіріледі. Қазірдің өзінде 250 адам тұрақты жұмыс істеуде. Келісім барысында жобаны одан әрі дамыту мәселесі пысықталды. Яғни 2026-2032 жылдар аралығындағы инвестиция көлемі кемінде 39 млрд теңге болады деп жоспарланған. Оның ішінде, 8,85 млрд теңге қатты дәрі-дәрмек өндірісін жаңғыртуға, 30,15 млрд теңге инновациялық биотехнологиялық дәрілерді шығаратын модульдік блок құрылысына жұмсалады. Жылына 300 млн қатты және 1,5 млн биотехнологиялық дәрі өндірілмек. Бұл онкология, аутоиммундық, жүрек-қантамыр, сирек және психоневрологиялық ауруларды емдеуге көмектеседі.
    Жоба ұзақ мерзімді инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ғылыми-технологиялық құрылғыларды дамытып, мамандардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік маңызы бар дәрілерді жергілікті жерде өндіруге, импортқа тәуелділікті азайтып, экспорт әлеуетін арттыруға оң ықпал етеді деп күтілуде.
    2022-2026 жылдар аралығында Алматы облысы мен Түркия елі арасында 53 кездесу өткізілген. Нәтижесінде логистика, тұрмыстық техника өндірісі, кондитерлік және фармацевтикалық өнім өндіру салалары бойынша құны 97,9 млрд теңге болатын 5 жоба іске асырылып, 2 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың қатарында «Kucukler Holding», «Якар», «Хамле Компани ЛТД», «СП Кока-Кола Алматы Боттлерс» сияқты ірі компаниялар бар. Сондай-ақ «MES Story Invest» ЖШС-мен бірлескен жоба іске асырылу сатысында. Өткен жылы Алматы облысы мен Түркия Республикасы арасындағы тауар айналымы 230,8 млн АҚШ долларына жетті. Импорт көлемі 222,8 млн АҚШ долларын, ал экспорт 7,9 млн АҚШ долларын құраған. Жаңа келісім бұл көрсеткішті одан әрі арттырып, өңірдегі фармацевтика саласын дамытуға ықпал етеді.

    Гүлзат Байқоныс

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық пен тағылым тоғысты
    14.05.2026
    «Таза Қазақстан»: ұзынағаштықтар үлес қосты
    14.05.2026
    БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
    14.05.2026
    Жасанды интеллектіні енгізу білім сапасын жаңа деңгейге көтереді
    14.05.2026
    Аймақ жұртын біріктірген ауқымды бастама
    14.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>