⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында соғыс ардагерлеріне әлеуметтік көмек берілді

    06.05.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Тарих
    Алматы облысында соғыс ардагерлеріне әлеуметтік көмек берілді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облысында Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден біржолғы әлеуметтік төлем берілді. Яғни, әр ардагерге 10 мың АҚШ долларынан тиеді.

    Өңірде сұм соғысты көзбен көрген 4 майдангер бар. Олардың ең үлкені – 103 жастағы Тәңірберген Толғанбаев. Іле ауданының тұрғыны 1942 жылы соғысқа аттанып, Сталинград шайқасына қатысқан. Ал, Ұйғыр ауданының 102 жастағы тұрғыныАлим Кебиров Белорусь шайқасында Белгород қаласын азат етуге қатысып, жараланған. Соған қарамастан 1943 жылы майдан даласына қайта оралып, Украина жерінде соғысқан. Еңбекшіқазақ ауданында тұратын Солтанбай Жарықбасов қазір 101 жаста. Алматы облысындағы тағы бір ардагер –  Федор Ковалевтың жасы 98-де. Жамбыл ауданында тұратын батыр тұлға 1945 жылы Жапон соғысына да қатысқан.

    Отан үшін отқа түскен ардагерлерге Алматы облысы әкімдігі тарапынан жүйелі түрде қолдау көрсетіліп келеді. Олардың тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ денсаулығын  жақсартуға бағытталған шаралар да мемлекет назарында. Батырлар жылда шипажайда ем алады және үнемі дәрігерлердің бақылауында.

    Бұдан бөлек, облыстағы 2 038 тыл еңбеккерінің әрқайсысына әкімдік тарапынан 64 875 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, Ленинград қаласының қоршауы кезінде еңбек еткен және тиісті марапаттарға ие болған өңірдегі 2 азаматқа 86 500 теңгеден біржолғы төлем қарастырылған.

    Зұлмат жылдары фашистік концлагерьлерде, геттоларда және өзге де мәжбүрлі ұстау орындарында болған азаматтарға да 64 875 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі.

    Соңғы жаңалықтар

    Жасанды интеллект – білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық мемлекеттік басымдығы
    12.05.2026
    Стратегиялық серпіліс: Жасанды интеллект – сапалы білімге тең қолжетімділіктің жаңа мүмкіндігі
    12.05.2026
    В Мангистау нашли следы древнего города, связанного с Римом и Китаем
    12.05.2026
    Қорғаныс министрлігі Халықаралық дзюдо федерациясымен меморандумға қол қойды
    12.05.2026
    «Экософия» кітабының таныстырылымы өтті
    12.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>