⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ерлік ел есінде: майдангерге құрмет көрсетілді

    09.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке, Тарих
    Ерлік ел есінде: майдангерге құрмет көрсетілді
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай 6654 әскери бөлімі әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Тәңірген Толғабаевтың шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтау ұйымдастырды. Тағылымды іс-шараның басты мақсаты – майдангерлердің ерлігін ұлықтап, жас ұрпаққа отансүйгіштік рухты дәріптеу.

    Мерекелік кездесуде әскери бөлімнің оркестрі Жеңіс күніне арналған әскери марштарды орындап, ардагерге ерекше құрмет көрсетті. Сонымен қатар, әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Омар Өтепбергенұлы Қуанышбаев ардагерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

    Тәңірген Толғабаев 1923 жылдың 1 мамырында бұрынғы Талдықорған облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Жастайынан еңбекқорлық пен елге қызмет ету жолын таңдаған ол 1942 жылдың мамыр айында Ақсу аудандық әскери комиссариатының жолдамасымен снайперлерді даярлайтын арнайы курсқа жіберіледі.

    1942 жылдың қараша айында маршал Георгий Жуковтың бұйрығымен неміс басқыншылары Сталинград майданынан шегініп, Кавказ бағытына қарай бет алады. Себебі жау әскері Кавказ өңіріндегі мұнай көздерін басып алуды көздеген болатын. Осы кезеңде снайперлер бөлімі стратегиялық маңызы бар шекара аймақтарын қорғауға аттандырылып, майдан шебінде ерлікпен қызмет атқарды.

    Соғыс жылдарындағы ауыр кезеңдерде батылдық пен табандылық танытқан майдангер 1949 жылы елге аман-есен оралып, халық сотының хатшысы қызметіне кірісті. Ал 1951 жылдан бастап ішкі істер органдарында абыройлы еңбек етті.

    Білімге деген ұмтылысының арқасында 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдап, құқық қорғау саласындағы қызметін жалғастырды. 1975-1979 жылдары Іле аудандық прокуратурасында нәтижелі қызмет атқарды.

    Ел игілігі жолындағы адал еңбегі мен қоғам дамуына қосқан үлесі үшін Тәңірген Толғабаевқа Ақсу және Іле аудандарының «Құрметті азаматы» атақтары берілді.

    Ардагерлерге құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың қасиетті борышы. Майдан даласында жанқиярлықпен шайқасқан аға буынның ерлігі мен өнегелі өмір жолы жас сарбаздарға әрдайым үлгі болып қала береді.

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында кенеге қарсы 15 мың мл иммуноглобулин сатып алынған
    13.05.2026
    Шекара деп соқсын жүрегі…
    13.05.2026
    Жасанды интеллект – білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық мемлекеттік басымдығы
    12.05.2026
    Стратегиялық серпіліс: Жасанды интеллект – сапалы білімге тең қолжетімділіктің жаңа мүмкіндігі
    12.05.2026
    В Мангистау нашли следы древнего города, связанного с Римом и Китаем
    12.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>