⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Мамыр 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН

    09.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке, Тарих
    ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН
    0
    SHARES
    45
    VIEWS

    Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай, 9 мамыр күні Балқаш ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған “Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс” атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Ерлік пен батырлықтың ерен үлгісін көрсеткен майдангерлерге және тыл ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында өткен жиынға Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, “Amanat” партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Марат Ноғайбаев, Балқаш аудандық мәслихатының төрағасы Кәдірбек Омаров, Балқаш ауданының құрметті азаматы, тыл ардагері Айтжан Есімов, мекеме-ұйым қызметкерлері, Ауған соғысы ардагерлері, аудан тұрғындары мен жастар қатысты. 

    Мерекелік шара Бақтыораз Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясынан бастау алды. Онда көпшілік қауым Ресей батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы Бақтыораз Бейсекбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бұдан кейін батыр атындағы білім шаңырағының оқушылары Жеңіс күніне орай арнайы өлең оқыды. Мұнан кейін мерекелік шара “Ұлы Отан соғысы жауынгерлері” ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты. Жиналған қауым сұрапыл соғыс жылдарында елі мен жері үшін жан алысып, жан берісіп, қан майданда қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың батырлығы мен ерлігіне тағзым етті.

    Салтанатты жиында сөз алған Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтап, майдангерлердің бейбіт өмір мен тәуелсіз елдің болашағы жолындағы жанқияр ерлігінің мәңгі ұмытылмайтынын атап өтті.

    – Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына – 81 жыл. Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі.

    “Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – өнеге” десек, Ұлы Отан соғысының майдан даласында біздің жерлестеріміз де басқыншы жаумен жан аямай шайқасып, Отан үшін оқша ұшты. Кешегісіз бүгін жоқ, бүгінсіз ертең жоқ, әрбір күн тарих болса, сол тарихымызда өткен бабалар ерлігі ұрпаққа өнеге болмақ.

    Майдан даласында Отан үшін отқа түсіп, ерен ерліктің жарқын үлгісін көрсеткен ауданымыздан шыққан қос батырларымыз, қазақтың батыр перзенттері Бақтыораз Бейсекбаев пен Мұсабек Сеңгірбаевтың есімдері мен ерліктері ұрпақ үшін үлгі-өнеге, – деді аудан басшысы.

    Бұдан кейін мінбе төріне көтерілген Балқаш ауданының құрметті азаматы, тыл ардагері Айтжан Есімов сұрапыл соғыс жылдары қаншама отандастарымыздың майданға аттанып, елге қайта оралмағанын, Ұлы Жеңіс күнінің тарих төрінен орын алатын, ұмытылмас ұлы күн екенін тілге тиек етіп, барша қауымды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

    Содан кейін сөз кезегі берліген Балқаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев ел басына күн туған сәттегі балқаштық батырлар Бақтыораз Бейсекбаев пен Мұсабек Сеңгірбаев ерлігіне тоқталып өтті.

    Мерекелік кеш барысында аудан өнерпаздары “Катюша”, “Әлия” сияқты және т.б. патриоттық әндерді әуелете шырқады.

    Осылайша Балқаш ауданында Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен ерліктің, хас батырлықтың үлгісін көрсетіп, қанмайданда Отан үшін от кешкен майдангерлерге тағзым етілді.

    Айта кетер болсақ, дәл осындай тағылымды шаралар аудан көлеміндегі басқа да ауылдық округтерде аталып өтті. Атап айтсақ, Ақжар ауылдық Мәдениет үйінде “Ерлік даңқы өшпейді” атты тарихи кеш ұйымдастырылып, батыр бабалар рухына тағзым етілді. Ал Ақдала ауылдық Мәдениет үйінде дәл осындай игі шара “Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран” тақырыбында өрбіп, Жеңіс рухын дәріптейтін патриоттық әндер шырқалса, Құйған ауылында ұйымдастырылған “Жеңіс жолы – ұрпаққа аманат” атты мерекелік кеште туған жер мен ел туралы, сонымен қоса қанмайданда батырлығымен ұрпақ жадында сақталған соғыс ардагерлері туралы өлеңдер оқылып, ел қорғаған батыр бабаларға құрмет көрсетілді.

    Алтынай СЕЙТКЕН

    Балқаш ауданы



    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық пен тағылым тоғысты
    14.05.2026
    БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
    14.05.2026
    Жасанды интеллектіні енгізу білім сапасын жаңа деңгейге көтереді
    14.05.2026
    Алматы облысында дәрі-дәрмек өндірісі артады
    14.05.2026
    Тұрғын үймен қамту жайы талқыланды
    14.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>