⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Мамыр 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Есірткі қылмысы жасарып барады

    20.05.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Қылмыс
    Есірткі қылмысы жасарып барады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облыстық әкімдікте облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатовтың төрағалығымен мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. IІ тоқсанға арналған алғашқы жиында жасөспірімдер арасында нашақорлықтың, маскүнемдiк пен темекi шегудiң алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.

    Алғашқы болып  облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дастан Жексенбеков есеп берді. Ол биыл мамыр айына дейін есірткіге қатысы 84 құқықбұзушылық анықталып, оның 39-ы  қылмыс ретінде тіркелгенін, 109 кг есірткі затының тәркіленгенін атап өтті. Өз сөзінде Дастан Маратұлы жоспар шеңберінде полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы  қызметкерлері оқушылар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді. Ол жыл басынан бері  нашақорлыққа қарсы 582 профилактикалық іс-шара өткізілгенін тілге тиек етті. «PARYZ ЕРІКТІЛЕРІ» жастар қоғамдық бірлестігін тарту арқылы 84 іс-шара өткізіліп, наркосайттарды жарнамалайтын 170-тен астам жазба жойылған. Оқу процесі кезінде студенттік жатақханаларда кинологиялық қызметпен бірлескен рейд жүргізілген. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметімен бірге кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, есірткі қылмысының алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ата-аналармен кездесулер өткізілген.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша  міндетін атқарушы Ләйла Серікбаеваның  мәлімдеуінше, бүгінде  облыстағы   уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарында  2705 адам  есепте тұса, оның ішінде 295 адамға нашақорлық диагнозы қойылған. Қазір аталған  орталықтарда  есірткі, психотроптық заттар мен алкогольді тұтынуға жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Нарколог, валеолог, психолог мамандардың қатысуымен оқу орындарында, Мәдениет үйлерінде дәріс сабақтары, семинар-тренингтер, түрлі дөңгелек үстелдер өткізіліп, нашақорлықтың зияны туралы ақпараттық үнпарақтар таратылады.

    Келесі кезекте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Әтенбекованың есебі тыңдалды. «Облыстағы 447 жалпы білім беретін мектепте және колледждерде жасөспірімдер арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің алдын алу бойынша 7920 профилактикалық іс-шара өткізіліп, оған 264 500 жасөспірім мен 68 000-нан астам ата-ана қамтылған. Тәуекел тобына жататын 4 860 оқушымен жеке профилактикалық жұмыс жүргізіліп, педагог-психологтар тарапынан 9 300 жеке кеңес беру ұйымдастырылды. Кешкі уақытта полиция департаментімен бірлескен «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық шарасы ұйымдастырылды. Оған білім беру ұйымдарының педагогтерімен қатар медицина қызметкерлері және құқық қорғау органдарының өкілдері тартылды. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттырып, кешенді көзқарасты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, – деді Ақмарал Бақытқызы.

    Аталған  ведомствоаралық штабтың отырысында облыстық ішкі саясат басқармасы башысының орынбасары Әсел Жалғасбаева «Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері» бойынша атқарылып жатқан ақпараттық жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, ақпараттық кеңістікте есірткі жарнамасының таралуына жол бермеу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы іс-шараларға еріктілер, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам белсенділері тартылған. «Жыл басынан бері облыстық Qonaev TV телеарнасы мен өзге де мерзімді басылымдарда нашақорлықтың алдын алуға бағытталған 300-ден астам ақпарат жарық көріп, арнайы дайындалған бейнеүзінділер көрсетілді. Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде, әскери бөлімдер мен жастар арасында кездесу, дөңгелек үстел, акциялар мен өзге де тақырыптық шаралар ұйымдастырылды» –  деді ол.

    Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов нашақорлық пен есірткі қылмысы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, оны ауыздықтау тек құқық қорғау органдарының ғана міндеті емес, баршаға ортақ іс екенін айтты.

    – Соңғы кездері жасөспірімдер мен жастар арасында синтетикалық есірткінің таралу деңгейі артуда. Есірткі қылмысы жасарып келеді, жаңа психобелсенді заттар интернет арқылы оңай қолжетімді болуда, – деген Қанат Болатұлы полиция департаментіне есірткі заттарын сатып алғандардың қаншауы жасөспірім екенін анықтауда білім беру мекемелерімен бірлесе жұмыс істеп, басқа да тұтынушылардың санаттары бойынша зерделеуді, статистикалық мәліметтерден гөрі, жағдайға шынайы талдау жасап, нақты нәтижені көздеуді міндеттеді.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Аймақтың даму жобаларымен танысты
    21.05.2026
    Жаңа Конституция – этносаралық келісімнің берік негізі
    21.05.2026
    Шәкірттерді қуантты
    21.05.2026
    Агроөнімге сұраныс артады
    21.05.2026
    Таза бейсенбі: Іле ауданында 58 тонна қоқыс шығарылды
    21.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>