⛅
22°C
Қонаев
Сейсенбі, Мамыр 19, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл тынысы

    Мол өнім негізі

    19.05.2026
    in Ауыл тынысы, Барлық жаңалықтар
    Мол өнім негізі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Көктем шығып, күн райы жылына салысымен Балқаш ауданы­ның диқандары дала жұмыс­тарына белсене кірісті. Биылғы егін науқанына тың­ғылықты дайындалған шаруалар жер жыр­тып, дән себуді жүйелі түрде жүр­гізуде. Әсіресе күріш егу науқаны мамыр айының алғашқы күндерінен бастап қарқын алып, егіс алқаптары қызу еңбек алаңына айналды.

    Аудан бойынша биыл 5800 гектар суармалы жерге күріш егу жоспарланған. Қазіргі таңда соның 800 гектарына күріш себіліп, 475 гектар алқап суға бастырылған. Балқаш аудандық ауылшаруашылық саласының мамандары берген мәліметке сәйкес, көктемгі науқанды уақытылы әрі сапа­лы өткізу мақсатында мемлекет тар­апынан 586,8 тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінген.
    Бүгінде аудан көлемінде күріш егуді табысты ұйым­дастырып отыр­ған шаруашылықтардың қатарында «Агрофирма «Бірлік», «Динара», «Арслан Агро» жауапкершілігі шек­теулі серіктестіктері мен «Марат» шаруа қожалығы бар.
    Науқан барысымен танысу мақ­сатында біз «Агрофирма «Бірлік» ЖШС-ның егіс алқабына барып қайттық. Аталған шаруашылық биыл 1157 гектар жерге күріш егуді жоспарлаған. Қазіргі уақытта оның 300 гектарына дән сіңіріліп, 250 гектары суарылған. Сонымен қатар ерте көктемде 1000 гектар жерге бидай, 300 гектарға арпа егілген. Бұдан бөлек, шаруашылықтың 2800 гектар алқабында көпжылдық жоңышқа өсірілуде.
    Шаруашылық басшысы Алмас Қыстаубаевтың айтуынша, көктемгі дала жұмыстарына сегіз «ДТ-75», отыз «МТЗ-80», он төрт «МТЗ-1221» және «YTO-1304» тракторлары жұмылдырылған. Сондай-ақ жиырма соқа мен сегіз тұқым сепкіш техника пайдаланылып, 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
    Таңның атысынан күннің батысына дейін еңбек етіп жүрген диқандардың жұмысы – тынымсыз еңбек пен төзімді талап ететін іс. Дала төсін дүбірге бөлеген еңбек адамдарының маңдай тері мол өнімнің негізі екені сөзсіз. Сондықтан олардың еңбегі жемісті болып, биылғы егін бітік шықсын деген ақжарма тілек әр адамның көңілінен орын алары анық.

    Алтынай СЕЙІТКЕН

    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Жастарға жол ашық
    19.05.2026
    Балаға көңіл бөлесіз бе?
    19.05.2026
    Тәңіртау таланттары
    19.05.2026
    Мол өнім негізі
    19.05.2026
    Рухы мықты ұлт ұтылмайды
    19.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>