☀️
20°C
Қонаев
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Президент хатын тапсырды

    09.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке, Тарих
    Президент хатын тапсырды
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Ковалевтің шаңырағына арнайы барып, Жеңіс күнімен құттықтады.

    Өңір басшысы ардагерге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау хатын табыстап, майдангердің ел алдындағы ерен ерлігі мен бейбіт өмір жолындағы еңбегіне құрмет көрсетті.

    Федор Мелянович 1927 жылы Могилев облысында дүниеге келген. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, арнайы дайындықтан өткен соң 1945 жылы кеңес-жапон соғысына қатысқан. Майдан даласында батылдығымен танылған ардагер соғыстан кейін туған жерінде еңбек етіп, кейін Жамбыл ауданына қоныс аударған. 1969 жылдан бастап Ұзынағаш ауылында еңбек етіп, ұзақ жылдар Жамбыл РТС мекемесінде электр дәнекерлеуші қызметін атқарды. Еңбектегі табыстары үшін бірнеше мәрте Құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталған. Майдандағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі орденмен, мерейтойлық медальдармен және Г.К. Жуковтың 100 жылдығына арналған медальмен марапатталған. Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.

    Жүздесу барысында бейбіт өмірдің қадірі, ел бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығы жайлы тағылымды әңгіме айтылып, майдангерге ізгі тілек арналды. Ұлы Жеңістің рухы мен майдангерлердің ерлігі – кейінгі ұрпақ үшін мәңгілік өнеге. Ардагердің үйіне аудан әкімі Нұрлан Ертас бірге барып, сый-құрмет көрсетті.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында кенеге қарсы 15 мың мл иммуноглобулин сатып алынған
    13.05.2026
    Шекара деп соқсын жүрегі…
    13.05.2026
    Жасанды интеллект – білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық мемлекеттік басымдығы
    12.05.2026
    Стратегиялық серпіліс: Жасанды интеллект – сапалы білімге тең қолжетімділіктің жаңа мүмкіндігі
    12.05.2026
    В Мангистау нашли следы древнего города, связанного с Римом и Китаем
    12.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>