Есік қаласының тұрғындары мен жастарына “Заң мен тәртіп” қағидасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы ақпараттық буклеттер таратылды.
«Мемлекет басшысы заңсыздыққа табанды түрде қарсы тұру қажеттігін үнемі атап өтеді. Біз қоғам ретінде кез келген нормалар мен ережелерді бұзудан, жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтемеуден бас тартуымыз керек. «Заң мен тәртіп» қағидаты маңызды идеологиялық бағдар ретінде қызмет етеді. Оның негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – Қазақстанда әділ әрі қауіпсіз қоғам құрудың негізгі қадамы», – дейді ұйымдастырушылар.
