Ұйғыр ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудандық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағында өткізіліп жатқан «Ішімдіксіз ауыл» және «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында түнгі рейдтік жұмыстар жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүру фактілерін анықтау, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді тұтыну мен сатудың алдын алу болып табылады.
Рейд барысында ойын-сауық орындары, дүкендер, қоғамдық тамақтану орындары, саябақтар және жастар көп жиналатын басқа да қоғамдық орындар тексерілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау бойынша түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Полиция қызметкерлері мен прокуратура өкілдері тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқықтық кеңестер берді. Ата-аналарға балаларының қауіпсіздігі мен тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.
Аталған жедел-профилактикалық іс-шаралар аудан аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында тұрақты түрде жалғастырылатын болады.
Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
