Перейти к содержимому
Главная страница » Экология және Ата заң: маңызды мәселелер талқыға түсті

Экология және Ата заң: маңызды мәселелер талқыға түсті


«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Балқаш ауданында орман шаруашылығы қызметкерлерінің қатысуымен «Ата Заң және экология: табиғи ресурстарды қорғаудағы жаңа талаптар» тақырыбында алқалы жиын өтті.
Іс-шараға Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Асқар Кәдір қатысып, табиғи байлықтарды сақтау мен ұтымды пайдалану – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты негізгі қағидалар кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының табиғатты қорғау, орман шаруашылығын цифрландыру және жануарлар дүниесін сақтау бағытында қабылданған заңнамалық бастамаларының маңызы сөз болды. Орман қорын заңсыз кесудің алдын алу, өрт қауіпсіздігін күшейту және орман алқаптарын молықтыру жөніндегі жаңа міндеттерге ерекше назар аударылды
Жиын соңында табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені айтылып, заң талаптарын қатаң сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Алтынай СЕЙІТКЕН Балқаш ауданы