Перейти к содержимому
Главная страница » Қауіпсіз қала — тұрғындар әл-ауқатының кепілі

Қауіпсіз қала — тұрғындар әл-ауқатының кепілі

Алатау қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға ерекше назар аударылып келеді.

Соңғы уақытта қала аумағында жаңа жаяу жүргіншілер өткелдері салынып, қолданыстағылары жаңартылуда. Бұл ең алдымен балалардың, қарттардың және барлық тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам.

Жаяу жүргіншілер өткелдерінің көбеюі – жай ғана инфрақұрылымдық жоба емес, бұл адам өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған нақты шара. Өйткені қауіпсіз жол қозғалысы әрбір азаматтың амандығымен тікелей байланысты.

Қоғамдық пікір көшбасшысы ретінде қалада қолға алынып жатқан осындай игі бастамаларды қолдаймын. Жол қауіпсіздігі тек мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, әрбір тұрғынның жауапкершілігіне де байланысты. Сондықтан жүргізушілерді жаяу жүргіншілерге жол беруге, ал тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырамын.

Қауіпсіздік мәдениеті қалыптасқан жерде тәртіп те, береке де болады. Қауіпсіз Алатау – баршамыздың ортақ мақсатымыз.

Саурбаева Риза Санаққызы Алатау қаласының қоғамдық пікір көсбасшысы