Перейти к содержимому
Главная страница » Қауіпсіз жол — адам өмірінің кепілі

Қауіпсіз жол — адам өмірінің кепілі

Мектеп оқушыларының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Балқаш ауданында кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі полиция инспекторларының қатысуымен және жол-патрульдік полициясының қызметкерлерімен үнемі сынып сағаты мен сұхбаттар өткізіліп тұрады.
Сонымен қатар, жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Балқаш АПБ тарапынан аудандық ветеринариялық станция жанындағы жол бойына жақын орналасқан шаруа қожалықтарының иелеріне ауылшаруашылық жануарларына жарық шағылыстыратын ленталар тағу жөнінде ұсыныс жолданған.
Сондай-ақ «Қонаев-Бақанас» тас жолындағы жол қауіпсіздік оқиғалары ең көп орын алған жерлерге, яғни 84 км, 88 км, 115 км аралықтарына жылдамдықты реттейтін 90 км/сағ. рұқсат белгісі бар, бейнебақылау камералары орнатылып, іске қосылған
Аудан бойынша жол бойындағы белгілерді ауыстыру, жаңарту жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілуде. Жол қозғалысы қауіпсіздігі Балқаш аудандық полиция бөлімінің қатаң бақылауында.
Аудан аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері «Қауіпсіз жол», «Жалған нөмір», «Жаяу жүргінші», «Тасымалдаушы», «Абайлаңыз, балалар!», «Жолдағы балалар!» және т.б. алдын алу іс-шаралары өткізілді.
Сондай-ақ, жеке жоспарға сәйкес жол апаттарының алдын алу және жол қауіпсіздігін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Алкоголизмнің алдын алу бойынша Балқаш ауданы көлемінде «STOP-Алкоголь» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп, жедел штаб құрылған болатын.
Аудан көлемінде «STOP-Алкоголь» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуіне байланысты ҚҚБ УПИ қызметкерлерімен АПБ профилактикалық есебінде тұратын азаматтар тексерілді. Жыл басынан бері Балқаш АПБ ҚҚБ қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша – 22 әкімшілік хаттама толтырылса,
ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша – 1 әкімшілік хаттама толтырылды, сонымен қатар ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша – 1 әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазіргі таңда Балқаш ауданы бойынша 3 ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты (Бояулы, Ақкөл, Бура ауылдары), аудан тұрғындарының арасында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады.
Алтынай СЕЙІТКЕН Балқаш ауданы