Ұйғыр аудандық полиция қызметкерлері аудан әкімдігі аппаратының мамандарымен бірлесіп, аудан аумағындағы «Жанұя», «Sulpak», «Саяра», «Асар» және «Ярлин» сынды үлкен сауда орталықтарының меншік иелерімен, қызметкерлерімен профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында террористік қауіп тұрғысынан осал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және әлеуметтік желілерді пайдалануына бақылау жасау мәселелері түсіндірілді.
Бұл сауда орындары – аудан көлеміндегі адам көп жиналатын басты нысандар. Сондықтан ондағы қауіпсіздік пен жауапкершілік өте маңызды. Полиция қызметкерлері бұл сауда орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнекамералардың орнатылуын әрі олардың ақаусыз жұмыс істеуін қадағалауды ұсынды. Бұл шаралар орны толмас олқылықтың алдын алуға көмектесетінін жеткізді.
Сауда орындары қызметкерлеріне күмәнді заттар мен адамдарды байқаған жағдайда дереу «102» нөміріне хабарлау қажеттілігі және жалған хабарлама үшін заңда көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.
Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
