Еңбекшіқазақ ауданының Масақ ауылдық округінде жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және кәмелетке толмағандар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізілді.
Рейд барысында ауыл аумағындағы қоғамдық орындар мен сауда нысандары араланып, тұрғындар мен жастарға қоғамдық тәртіпті сақтау, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруіне жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау және заң талаптарын орындау бойынша профилактикалық әңгімелер өткізілді. « Қоғамдық тәртіпті сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз», – дейді қатысушылар.
