Бүгінде бұл бағытта елімізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Оқу орындарында, еңбек ұжымдарында және қоғамдық алаңдарда құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған кездесулер мен семинарлар ұйымдастырылып келеді. Мұндай іс-шаралар азаматтардың заңға деген құрметін күшейтіп, құқықтық сананы қалыптастыруға ықпал етеді.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ауыл тұрғындарымен кешенді түсіндіру жұмысын жүргізу үшін Қаратұрық ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында Шелек Полиция бөлімінің уәкілі, полиция майоры С.Талғатұлының қатысуымен жиналыс өткізілді. Кездесу барысында соңғы уақытта азаматтар ұшырасып жатқан алаяқтықтың кең таралған схемалары, отбасындаға зорлық-зомбылықтың салдары кәмелет жасқа толмаған бала тәрбиесіне тиетін кесірі жайлы түсіндірме жасады. Азаматтардың құқықтарын, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын құқықтық сауаттылықты қалыптастыру мәселелері мен құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібімен таныстырып, жиынға қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылды.