Перейти к содержимому
Главная страница » Құқықтық түсіндіру жұмыстары өтті

Құқықтық түсіндіру жұмыстары өтті

Құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдау мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Бөлексаз ауылдық округ әкімі аппараты ММ-нің Құрылымдық бөлімше басшысы Олжас Рамазанов ауыл тұрғындарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсат — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылып, қоғамдағы заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді заң шеңберінде жедел әрі тиімді шешу.

Осының негізінде, Құрылымдық бөлімше басшысы Олжас Рамазанов өз құзыреттері аясында, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардан қорғау, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жаңа әлеуметтік және өндірістік нысандарды ашу аясында тұрғындарға жан-жақты түсіндірмелер берді.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарына жауаптарын алып, ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.

Кездесу соңында Олжас Рамазанов  «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық кеңестер, заңнама талаптарына көптеген түсіндірмелер беріп, құқықтық көмек көрсету мақсатындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретінін тілге тиек етті. 

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы