Перейти к содержимому
Главная страница » Орманды өрттен сақтайық!

Орманды өрттен сақтайық!

Орман – халқымыздың басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізу – ортақ міндетіміз. Сондықтан орманды өрттен қорғау ережелерін әрдайым есте сақтау маңызды.

Кез келген жағдайда қарапайым қауіпсіздік қағидаларын ұмытпаған жөн. Мәселен, сөндірілмей тасталған сіріңке немесе темекі тұқылы, құрғақ шөп пен қураған бұталардың жанында абайсыз қолданылған от – өрттің басты себептерінің бірі. Сондай-ақ арық бойында немесе шабынды алқаптарда өсіп кеткен шөп пен қамысты бақылаусыз өртеу де үлкен қауіп төндіреді.

Егер орманды өрт шарпитын болса, бұл тек табиғатқа ғана емес, бүкіл қоғамға орасан зиян келтіреді. Мұндай апат салдарынан жануарлар дүниесі зардап шегіп, сан алуан өсімдік жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан әрбір адам орманға жанашырлықпен қарап, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауы тиіс. Ормандағы алқаптың өртенуіне себепкер болған адам табиғатқа келтірілген залалды өтеп қана қоймай, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 367-бабы және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202, 204, 292-баптары бойынша жауапқа тартылады. Орман-тоғайда от жалынын байқасаңыз, оны дереу өшірудің әрекетін жасаңыз, егер сөндіру амалы болмаған жағдайда орман шаруашылығына, ауылдық округ әкімдігіне, аудандық полиция және өрт сөндіру бөліміне хабарлаңыздар. Телефондары: 101, 102, 2-18-51, 2-17-14, 2-21-82, 2-14-10.

«Қарадала орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Төтенше жағдайлар бөлімі