Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауын орындау мақсатында Ұйғыр ауданы полиция бөлімінде жеке құрам арасында «Заң мен Тәртіп» қағидатын түсіндіру тақырыбында жауынгерлік-қызметтік даярлық шеңберінде қосымша дәріс өткізілді.
Іс-шараны Ұйғыр аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Сырым Серікболұлы Серікболов жүргізді.
Дәріс барысында қызметкерлерге заңдылықты қатаң сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ полиция қызметкерінің кәсіби әдеп нормаларын сақтау мәселелері түсіндірілді. Жеке құрамға «Заң мен Тәртіп» қағидатының қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызы кеңінен жеткізілді.
Іс-шара соңында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау қажеттігі атап өтілді.

