Перейти к содержимому
Главная страница » Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Терроризм мен экстремизм қазіргі таңда әлемдік қауымдастық алдында тұрған ең күрделі қауіптердің бірі болып табылады. Ол қоғамдық тұрақтылыққа, азаматтардың қауіпсіздігіне және мемлекеттің тұтастығына тікелей қатер төндіреді. Сондықтан терроризмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.
18 маусым Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар басталды.
«Оқу-жаттығуларға байланысты, Ұзынағаш ауылының тұрғындарынан сабырлық сақтауды және өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Оқу — жаттығуларды өткізу кезеңінде шектеу шаралары көзделетін болады, көрсетілген елді мекенде көлік құралдарының қозғалысын ішінара шектеу мүмкін болады. Сондай-ақ, Ұзынағаш ауылы тұрғындарының назарына, ҚР ӘҚБтК 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады», – дейді терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл жедел штабы қызметі.