Қоғамның тұрақты дамуы мен экономиканың өркендеуі әр азаматтың құқықтарының қорғалуымен тығыз байланысты. Сол құқықтардың ішінде жеке меншік құқығының орны ерекше. Жеке меншік мүлік – адамның еңбегімен тапқан игілігі, отбасының әл-ауқаты мен болашағының кепілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың заңды түрде мүлік иелену құқығы бекітілген. Бұл құқық мемлекет тарапынан қорғалады және азаматтардың өз меншігін еркін пайдалануына, басқаруына және оған иелік етуіне мүмкіндік береді.
Жеке меншікке құрметпен қарау – құқықтық мәдениеттің маңызды көрсеткіші. Өзгенің мүлкіне қол сұқпау, мүлікті заңсыз иеленуге жол бермеу және меншік иелерінің құқықтарын сақтау қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты нығайтады. Сондықтан «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында меншік құқығын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.
Бүгінде мемлекет азаматтардың мүліктік құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырып келеді. Заманауи цифрлық қызметтердің енгізілуі мүлікті тіркеу, сатып алу-сату және басқа да рәсімдерді жеңілдетіп, олардың ашықтығын қамтамасыз етуде.
Әрбір азамат өз мүлкіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтауы тиіс. Заңды құрметтеу мен жеке меншікке деген жауапты көзқарас – өркениетті қоғамның маңызды белгілерінің бірі.
Жеке меншік мүлікті қорғау арқылы біз азаматтардың құқықтарын нығайтып қана қоймай, еліміздің тұрақты дамуына да үлес қосамыз.
