Перейти к содержимому
Главная страница » Жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру өзекті

Жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру өзекті


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді.

Талғар ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқықтық мәдениетті арттыру және «сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі талаптары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау міндеттері, мүдделер қақтығысының алдын алу, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу мәселелері түсіндірілді.

Ерзат АСЫЛ