Перейти к содержимому
Главная страница » Жылдамдықты төмендет – өмірді сақта!

Жылдамдықты төмендет – өмірді сақта!

Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының бастамасымен полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол-көлік апаттарының санын азайту мақсатында «Жылдамдықты төмендет – өмірді сақта!» атты профилактикалық акция өткізілді.
Жыл басынан бері аудан аумағында 140 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның 13-і адам өлімімен аяқталды, ал 263 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды.
Осыған байланысты жол қозғалысына қатысушыларға Жол қозғалысы қағидаларының негізгі талаптары түсіндіріліп, жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу және қауіпті маневрлерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жүргізушілерге ақпараттық жадынамалар таратылып, жылдамдықты асырудың салдары мен жол қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығы туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудан прокуратурасы жол қозғалысы қағидаларын сақтау және әрбір жүргізушінің жеке жауапкершілігі – азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі екенін ескертті.


Өз тілшіміз