Перейти к содержимому
Главная страница » Есірткісіз өмір – жарқын болашақтың кепілі

Есірткісіз өмір – жарқын болашақтың кепілі

Есірткі – адамның денсаулығына ғана емес, отбасы мен қоғамның болашағына зор қауіп төндіретін әлеуметтік дерт. Сондықтан есірткі қылмысының алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау – маңызды міндеттердің бірі.

Есірткіге тәуелділік адамның денсаулығын әлсіретіп, психикасына зиян келтіреді. Сонымен қатар ол көптеген қылмыстардың орын алуына себеп болады. Заңсыз есірткі айналымы ұйымдасқан қылмыстың дамуына ықпал етіп, қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіреді.

Бүгінде жастарды әлеуметтік желілер арқылы есірткі тасымалдаушысы немесе жарнамалаушысы ретінде заңсыз әрекеттерге тарту фактілері кездеседі. Мұндай ұсыныстардың арты ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін әркім білуі тиіс.

Есірткіге қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес. Ата-аналар, ұстаздар және қоғам өкілдері жастарға дұрыс тәрбие беріп, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлуі қажет.

Дені сау ұрпақ – елдің жарқын болашағы. Есірткіден бас тарту – өз өміріңе, отбасыңа және қоғамға деген жауапкершіліктің көрінісі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ