Перейти к содержимому
Главная страница » Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында салалық мәселелер талқыланды

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында салалық мәселелер талқыланды

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының еңбек ұжымымен кездесті.

Жүздесуге облыстық сайлауалды штаб төрағасы Данияр Қасқарауов қатысты. Кездесу барысында аграрлық ғылымның қазіргі жағдайы, ғылыми зерттеулерді өндірісте қолдану және ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа технологияларды тәжірибеге енгізу мәселелері сөз болды.

Институт мамандары егін шаруашылығын дамыту, топырақ құнарын сақтау, су ресурстарын тиімді пайдалану және климат өзгерісіне бейімделу бағытындағы пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар ғылыми инфрақұрылым, кадр даярлау және жас ғалымдардың кәсіби дамуына қатысты мәселелер көтерілді.

«Ауыл шаруашылығындағы жағдайды осы салада еңбек етіп жүрген ғалымдар мен мамандар жақсы біледі. Сондықтан олардың пікірін тыңдап, тәжірибеде кездесетін мәселелерді кәсіби ортада талқылау маңызды. Ғылыми зерттеулердің нәтижесі өндіріспен ұштасқанда ғана нақты тиімділік береді», – деді Данияр Қасқарауов.

Кездесуде ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары арасындағы байланысты нығайту жөнінде де пікір алмасылды. Институт қызметкерлері саладағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын ортаға салып, қойылған сауалдарға жауап алды.

Жүздесу ашық диалог форматында өтті.