Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына, отбасына және қоғамға кері әсерін тигізеді. Ол түрлі аурулардың пайда болуына, тұрмыстық жанжалдардың көбеюіне, жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтардың орын алуына себеп болуы мүмкін.
Көптеген адамдар алкогольдің зиянын толық бағалай бермейді. Алайда оны тұрақты пайдалану адамның еңбекке қабілеттілігін төмендетіп, жүйке жүйесіне және ішкі ағзаларына ауыр салмақ түсіреді. Әсіресе жастар арасында мұндай әдеттің қалыптасуы болашақ ұрпақтың денсаулығына қауіп төндіреді.
Алкоголизмнің алдын алудың ең тиімді жолы – салауатты өмір салтын ұстану. Спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және пайдалы орта қалыптастыру зиянды әдеттердің алдын алуға көмектеседі.
Әр азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы қажет. Алкогольден бас тарту немесе оны тұтынуды шектеу – өз өмірінің сапасын жақсартуға жасалған маңызды қадам.
Салауатты қоғам – елдің тұрақты дамуының кепілі. Денсаулықты сақтау мен дұрыс өмір салтын таңдау арқылы ғана қауіпсіз әрі бақуатты қоғам қалыптастыра аламыз.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

